
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев аудан әкімдігінің кіші залында мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті.
Д. А. Сегізбаев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, М. М. Дүйселеков облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен А. Ж. Серкенов, Ж. Б. Кшенов, В. В. Смолков марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатымен - Балғожа А.Ә. марапатталды.
Іс-шара жалпы естелік фотосуреттермен аяқталды.



