
2026 жылдың 29 сәуірінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратымен Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Белгібайұлы Кенжебеков ғимаратқа экскурсия жүргізіп, аппараттың техникалық жабдықталуын көрсетті, акцияға қатысушыларды аппараттың қызметімен, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында таныстырды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы түсініктемелер берілді.
Акция барысында балалар аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Анбаевқа өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Іс-шара соңында Руслан Әкімжанұлы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысқаны үшін жастарға алғысын білдірді.



