26 12 наурыз 47 12 марта 26
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 2 «Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 2-тармағына сәйкес, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы хаты негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы қаулы қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін 2026 жылғы 20 маусымға дейін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүргізілсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулы қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды;
осы қаулы жарияланғаннан кейін жер пайдаланушыларға, иеліктен шығарылатын жер учаскелеріне тапсырылғаны туралы хабарламамен бірге тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберуді қамтамасыз етсін;
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі Р. Аңбаев
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
2026 жылғы «12» наурыз № 47
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
2026 жылғы 9 қаңтардағы № 2
қаулысына қосымша
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелері
|
№ |
Жер учаскесінің меншік иелерінің аты-жөні |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жалпы ауданы, гектар |
Иеліктен шығарылатын аудан, гектар |
Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
«Мир-Нан 1» қарапайым серіктестік түріндегі фермерлік қожалық, басшысы Елена Николаевна Мирная |
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі |
15-165-003-1213 |
102 |
102 |
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының № 7 қосалқы аймағын кеңейту |
|
2 |
«ОСКО» шаруа қожалығы, басшысы Нина Михайловна Осипенко |
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі |
15-165-020-036 |
75 |
75 |
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының № 7 қосалқы аймағын кеңейту |