
2026 жылғы 4 наурызда аудан әкімдігінің үлкен залында СҚО Әділет департаментінің басшысы Рашкалиев Естай Елтайұлы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді .
Кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Белгібайұлы Кенжебеков ашып, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу "Сұрақ-жауап" сессиясының форматында өтті. Аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын онлайн режимінде сұрауға және құзыретті түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.