2026 жылғы 27 ақпанда сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында 1 өтініш және 4 жоспарлы мәселе қаралды.
- "Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті (суицидтік, девиантты) мінез-құлқының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы" (РҚБ, ОАА)
- "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқу орындарында балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы". (Чистополь ОМ, Рузаев ОМ)
- "Мектептердің әлеуметтік педагогтарымен және психологтармен өзара іс-қимыл жасай отырып, білім беру ұйымдарына (мектеп инспекторларына) бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы. (Полиция бөлімі)
- "Әлеуметтік педагогтың қолайсыз отбасылармен жұмысы туралы". (№1,2 НСМ, НКСМ).