«2025 жылғы ауданның жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау» тақырыбы бойынша семинар

«2025 жылғы ауданның жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау» тақырыбы бойынша семинар

2026 жылғы 29 қаңтарда аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков А.Б. және мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы Алдошина С.А. бірлесіп, құқықтық жалпы оқыту аясында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары мен мамандары үшін оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар 2025 жылға ауданның жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен жүргізілген талап-арыз жұмысының жай-күйі мен сот практикасының талдауымен таныстырылды. Сонымен қатар талап-арыздарды беру мерзімдерін өткізіп алмау және оларды сотқа жолдау бойынша бірқатар ұсынымдар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша құқықтық семинар тақырыбына қатысты келіп түскен сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді. Бұдан бөлек, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі бас инспекторы Толепберген М.С. «АРМ ЕГКН» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметтермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсіндірме берді. Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебеков А.Б. тарапынан бірқатар ұсынымдар айтылды.