
27 желтоқсанда облыстық прокуратураның бастамасымен ауданда «Құқықтық тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды.
Науқанға еріктілер, прокуратура өкілдері және полиция қызметкерлері қатысты.
Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері туралы түсіндірме беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.