
2025 жылғы 25 қарашада Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында 3 жоспарлы мәселе қаралды.
«КММ “Новоишим №1 орта мектебі” тарапынан оқушылар арасында қараусыз қалудың, аутодеструктивті мінез-құлықтың және қылмыстың алдын алу жұмыстарының жай-күйі туралы».
Бұл мәселе бойынша Новоишим №1 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Жулдузбекова А.Д. сөз сөйледі.
«Құқыққа қарсы әрекеттер жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартатын немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс туралы».
Бұл мәселе бойынша полиция бөлімінің подполковнигі Кубитаева М.Д. және білім бөлімі басшысы Карабаева Э.М. сөз сөйледі.
«Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мәдени-демалыс және спорт объектілерімен жүргізілетін іс-шаралар туралы».
Бұл мәселе бойынша ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Байкенова А.А., сондай-ақ ДЮСШ оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуанышев С.К. сөз сөйледі.