25 қараша 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

25 қараша 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

25 қараша 2025 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста 3 жоспарлы мәселе қаралды.

  1. «КММ “Новоишим №1 орта мектебі” тарапынан оқушылар арасында қараусыз қалу, аутодеструктивті мінез-құлық және қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы». Бұл мәселе бойынша Новоишим №1 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Жұлдузбекова А.Д. баяндама жасады.

  2. «Құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартатын немесе оларға қатысты заңға қайшы әрекеттер жасайтын тұлғаларды анықтау жөніндегі жұмыс туралы». Бұл мәселе бойынша полиция бөлімінің подполковнигі Кубитаева М.Д. және білім бөлімінің басшысы Қарабаева Э.М. сөз сөйледі.

  3. «Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мәдени-демалыс және спорт нысандарының іс-шаралары туралы». Бұл мәселе бойынша ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Байкенова А.А. және БЖСМ оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуанышев С.К. баяндама жасады.