
2025 жылғы 5 желтоқсанда ауданға жұмыс сапарымен СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Аскаров Жомарт Серікұлы келді. Сапар барысында Жомарт Серікұлы ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыстады. Аталған марапаттарға «Намыс» ЖШС директоры Касьяненко А.В. және бірқатар төтенше жағдайлар қызметкерлері ие болды.
Сонымен қатар аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев облыс әкімі атынан ерекше көзге түскен ТЖ қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыстады.