
2025 жылғы 21 қарашада Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары және мамандар үшін оқыту семинары өткізілді.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар тақырыпта 3 баяндама тыңдады:
1. Ауданның атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі.
2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары.
3. Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі өкілеттіктері.
Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысысының м.а. Ә.М. Мирхамидов семинар тақырыптары бойынша бірқатар ұсыныстар берді.