Бүгін біз сізге eGov.kz порталында 16 жасқа дейінгі баланы қалай тіркеу керек екенін айтып береміз

Бүгін біз сізге eGov.kz порталында 16 жасқа дейінгі баланы қалай тіркеу керек екенін айтып береміз

🧭 Көрсетiлетiн қызметтi қалай iздеу керек:

1️ eGov.kz порталында авторизациядан өтiңiз/тiркелiңiз

2️ Басты бетте «Азаматтық, көшi-қон және иммиграция» қосымша бетiне өтiңiз

3️ «Халықты тiркеу және тiркеу есебiнен шығару» тармағын таңдаңыз

4️ Көрсетiлетiн қызметтер тiзiмiнен «16 жасқа дейiнгi балаларды тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi» таңдайсыз.

❓ Көрсетiлетiн қызметтi қалай алуға болады:

1️ «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз

2️ Өтiнiмдi толтырып, оған ЭЦҚ-мен немесе смс-парольмен қол қойыңыз (мобильдi азаматтар базасында мiндеттi түрде тiркелу керек). ЭЦҚ-мен расталған тұрғын үй иесiнен келiсiм алу қажет (егер өтiнiш берушi тұрғын үй иесi болмаса). ЭЦҚ-мен расталған тұрғын үйдiң тең иеленушiлерiнен келiсiм алу қажет (егер өтiнiш берушi тұрғын үйдiң жалғыз меншiк иесi болып табылмаса).

3️ Жеке кабинетте (Көрсетiлетiн қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнде) сiздiң өтiнiмiңiздiң өңделуi туралы хабарламамен танысыңыз.

Назарларыңызға рахмет!🖐