Достар! eGov.kz порталында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды

Достар! eGov.kz порталында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды

Бұл үшiн қажеттi деректердi, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткiлiктi. Осыдан кейiн «Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ қызметкерi мемлекеттiк нөмiр мен куәлiктi үйге әкеледi.

✅«Электрондық үкiмет» порталында «Көлiк және коммуникациялар» бөлiмiнiң «Автомобиль көлiгi» бөлiмшесiнде жеткiзудi ресiмдеу үшiн «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткiзу» қызметiн таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.

📝Сонымен қатар, жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚКО атауы мен толық мекенжайын көрсете отырып, барлық мiндеттi жолдарды толтыру керек. Осыдан кейiн қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегiмен не болмаса бiр реттiк смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильдi азаматтар базасында мiндеттi түрде тiркелу қажет).