2025 жылғы 12 қарашада Рузаев мәдениет Үйінде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды тапсырды.
Әрі қарай Рузаев және Ставропол мәдениет үйлерінің ұжымдары ұйымдастырған мерекелік концерт өтті.