
Оқыту семинары
2025 жылғы 30 қазанда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлім басшылары және мамандар үшін оқыту семинары өткізілді.
Іс - шара барысында семинарға қатысушылар «Ауыл жерінен жер учаскесін беру» тақырыбындағы баяндаманы тыңдады, сондай-ақ 2025 жылдың 4 тоқсанына арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмыс жоспарымен танысты.
Семинар қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков семинар тақырыптары бойынша бірқатар ұсыныстар берді.