
«Халық заңгері» республикалық əлеуметтік акциясы
2025 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарында «Халық заңгері» республикалық əлеуметтік акциясын өтеді!
Заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, прокуратура және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, білікті ұсыныстар береді және сізге көмектеседі. Толық және дәлірек ұсыныстар алу үшін өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда акция 2025 жылғы 31 қазанда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Новоишимское ауылы, Абылай хан көшесі, 19 мекенжайындағы мәдениет үйінің ғимаратында өтеді.
Біз, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың барлығын күтеміз!