2025 жылдың 8 қазанында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев бейнеконференцбайланыс арқылы жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Қ. Асқарова отырыстың күн тәртібінде сөз сөйледі. Ол ауылдық округ әкімдерінің аудандағы шаруа қожалықтарының астық жинау науқаны және Астана қаласында өтетін республикалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне дайындық барысы туралы есеп беруі туралы баяндады.Сондай-ақ жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Д.М. Есмағамбетова сөз сөйлеп, ветеринариялық саланың өзекті мәселелері туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша жүзеге асыру үшін тиісті тапсырмалар берілді.