Ағымдағы жылдың 5 тамызында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев жұмыс кеңесін өткізді, оған жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері БКС режимінде қатысты.
Кеңес күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық статистика басқармасының басшысы Ж.К. Садуова сөз сөйлеп, ауыл шаруашылық санағы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кеңестің екінші мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков сөз сөйледі. сөз сөйлеу барысында орындаушылық тәртіп, тапсырмалардың сапалы орындалуы, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімін өткізіп алу және тіркеу, ауылдық округтер әкімдері аппараттарында және аудандық бөлімдерде бос орындарды уақтылы жабу, ағымдағы мәселелерді іске асыру жөнінде баяндады.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша орындауға тиісті тапсырмалар берілді.