2025 жылдың 23 маусымында аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызмет қызметкерлері күніне, Қазақстан полициясы күніне, сонымен қатар Судьялар мен сот қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев жиналғандарды кәсіби мерекелері – Судья және сот қызметкерлері күні, Қазақстан полициясы күні және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады.
Шара аясында ерекше көзге түскен мемлекеттік органдардың, аудандық соттың және полиция қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, бүгін Петропавл қаласында «Өнеркәсіп кәсіподағы» ҚБ Солтүстік Қазақстан облысы филиалының Құрмет грамоталарымен
1. Кенжебеков Асхат Белгібайұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы;
2. Маямирова Сәуле Қапарқызы – аудандық мәслихат аппаратының меңгерушісі;
3. Дюсекеев Берік Төлегенұлы – аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары.
4. Мұқанова Әлия Қуанышбайқызы – аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшесінің басшысы марапатталды.