4 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке орталық алаңда еңбек ұжымдарының, жастар мен студенттердің шеруін ашты.
Алаңда Мемлекеттік Тудың салтанатты көтерілуі және Әнұранның орындалуы өтті. Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев құттықтау сөз сөйледі, содан кейін ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Бағдарлама Аудандық мәдениет Үйі дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.