Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка және Салқынкөл ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 20 мамырда сағат 18.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка және Салқынкөл ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Нежинка сайлау округіне барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде үш кандидат «өзін-өзі ұсыну» қағидаты бойынша өтті және бір кандидат «AMANAT партиясы» ҚБ ұсынылды.
Салқынкөл сайлау округіне барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат «өзін-өзі ұсыну» қағидаты бойынша өтті және бір кандидат «AMANAT партиясы» ҚБ ұсынылды
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2025 жылғы 25 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары - аудандық «Новости Приишимья» және «Есіл Өңірі» газеттерінде жарияланады.
Аудандық сайлау комиссиясы