Меню

Страницы

Статья

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі

Мекен-жайы: 150400 Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Новоишим с., Ленин к-сi, 7 үй

Бөлiм басшысы — Юрий Анатольевич Ляпкало

Басшының телефон нөмiрi: +7 71535 22-2-19

Операциялық залдың телефон нөмiрi: +7 71535 22-2-75

Е-mail: con.gmusrepova.07@mail.ru

Жұмыс кестесi: күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, жексенбi — демалыс күнi.

Бөлiм қызметiнiң мақсаты мен мәнi

Мемлекеттiк корпорация мiндеттi тiркеуге жатпайтын жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) оларды құрушыларын техникалық тексеру, мемлекеттiк жер кадастрiн жүргiзу, зейнетақы және әлеуметтiк қамтамасыздандыруды жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын бiрегей провайдер болып табылады,

Мемлекеттiк корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының Президентiнiң және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң актiлерiмен, және Қазақстан Республикасының басқада заңнамаларымен қарастырылған қызмет түрлерiн және өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорацияның мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi Заңға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер стандарттарымен және реттемелерiмен айқындалады.

Солтүстік Қазақстан облысы облысының ХҚО-лары Ashyq қосымшасы арқылы клиенттерді қабылдайды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

Ashyq қосымшасы бойынша барлық қалада ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады. Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Осы қосымшалар болмаса да, мәртебені ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" СҚО
бойынша филиалының баспасөз
қызметі

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады

Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін болашақ аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтімі үшін бір реттік жәрдемақы төленетінін ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетілген:⠀

1. Egov.kz порталына кіріңіз⠀

2. Іздеу батырмасы арқылы «Баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін табыңыз⠀

3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀

4. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз⠀

5. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсетіңіз⠀

Ескерту: Дербес шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс.⠀

6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀

Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. Жыл басынан бала күтімі бойынша жәрдемақыны 496 солтүстікқазақстандық онлайн ресімдегендігін айта кеткен жөн.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметі

Емханаға тіркелу

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылығын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:⠀

Портал арқылы Egov.kz:⠀

1. Порталда авторизациядан өтіңіз⠀
2. Іздеу жолы арқылы «алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін табыңыз⠀
3. Қызметті онлайн сұратыңыз⠀
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз⠀
5. Мекенжай мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз⠀
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз;⠀
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады⠀

@Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы :

1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз⠀
2. Телеграм ботты іске қосыңыз, «қызметтер» бөлімін ашыңыз»
3. «Денсаулық сақтау» таңдаңыз, «мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу» батырмасын басыңыз»
4. Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)⠀
5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз⠀
6. Әрі қарай бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды⠀
7. Растау кодын енгізіңіз⠀
8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.⠀

Емхана арқылы:⠀

Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.⠀

Қызмет көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні.⠀

Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан шығарыласыз.⠀

«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі
@gov4c.kz

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару⠀

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀

eGov.kz порталы арқылы:⠀

  1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀
  2. Іздеу жүйесі арқылы «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;⠀
  3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀
  4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀
  5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀
  6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀
  7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀⠀

Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀⠀

ХҚО арқылы:⠀

  1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀
  2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀
  3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀⠀

Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Жаңа құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді үйге жеткізу солтүстікқазақстандықтар үшін қолжетімді болды

Өткен жылдың қазан айында egov.kz электрондық үкімет порталында мемлекеттік нөмірлерді және дайын техпаспортты үйге жеткізу бойынша жаңа сервис пайда болды. Енді автокөлікті онлайн қайта тіркеген автокөлік иелері көлік құралын мамандандырылған ХҚО-ға тіркеу туралы куәлік пен нөмірлерді алу үшін бармауларына да болады, оларды өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жеткізеді. Сервисті іске қосқан сәттен бастап 20-дан астам солтүстікқазақстандық egov.kz пайдаланушысы жаңа сервистің жайлылығын бағалай алды.

Жаңа автокөлік иесі онлайн сатып алу мәмілесінен кейін egov.kz порталындағы «Көлік және коммуникация» бөлімінде «МТНБ мен техпаспортты жеткізу» электронды қызметіне тапсырыс беруі тиіс. Бұдан әрі жеке деректерді және көлік туралы мәліметтерді (техпаспорт, МТНБ) толтыру қажет, сондай-ақ ең соңында құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжай көрсетілуі қажет. Содан кейін қызмет құнын төлеп, ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек). Бұл қызмет мамандандырылған ХҚО бар қалалардың, облыстық және аудандық орталықтардың тұрғындарына қолжетімді. Қызмет құны — 2240 тг.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық сервистерін жиі пайдалана бастады. Осылайша, жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтар egov.kz порталында 2 мыңнан астам автокөлікті онлайн қайта тіркеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкіметке» 5 жыл

2016 жылы тұңғыш Президенттің Ұлт жоспарындағы 100-ші қадамды жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттік корпорация бүгінде төрт ірі мекеменің басын біріктіріп («Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық») отыр.

Жыл сайын мемлекеттік корпорация халықтың үлкен легін қабылдай отырып, 38 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді екн. Бүгінгі күні Мемлекеттік корпорация арқылы азаматтар тізілімдегі 698 қызметтің 96,5% - дан астамын (674) ала алады, оның 85,5% - дан астамын электрондық портал арқылы алуға болады.

Корпорация құрылғалы бері қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету мақсатында автоматтандыру және ықпалдастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Бес жылдың ішінде біз жүзден астам қызметтерді оңтайландырдық, проактивті және композиттік қызмет көрсету форматтарын енгіздік, азаматтардың өмірін едәуір жеңілдететін көптеген пилоттық жобаны іске қостық. Жыл сайын мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету аясы айтарлықтай кеңейе түсуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі

Солтүстікқазақстандықтар жыл басынан бері үш мыңнан астам көлікті тіркеді

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық автокөлік иелері төрт мыңнан астам көлікті өздері тіркеді. Олардың ішінде екі мыңға жуық азамат көлік құралын қайта тіркеді және 1200-ден астамы жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырды.

Салыстыру үшін 2020 жылы СҚО тұрғындары egov.kz порталы арқылы 2956 автокөлік қайта ресімдеп, 6006 жүргізуші куәлігін алған болатын.

«Бұрын автокөлікті тек арнайы ХҚО-да немесе egov.kz электронды үкімет порталында тіркеу мүмкін болатын. Енді мемлекеттік қызмет kaspi.kz қосымшасында онлайн режимінде қол жетімді. Енді сатушы автомобильді қосымшадағы есептен шығарған кезде, сервис көлік құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектеріне автоматты түрде тексеру жүргізеді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшін ақша аударады, баж салығын төлейді, автокөлікті есепке қояды және мемлекеттік нөмірлік белгіні онлайн таңдайды», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Жұмабай Еркін.

Онлайн мәміле аяқталғаннан кейін құжаттарды және мемлекеттік нөмірлік белгіні "Электрондық үкімет" порталындағы үйге жеткізуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚО-да өз бетінше алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Жұмыссыз қалғанда төленетiн әлеуметтiк төлемдер

Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды.

Бүгiн бiз сiздерге бұл жәрдемақыны қалай рәсiмдеу керектiгiн айтып беремiз.

Мұның 3 жолы бар:

  • eGov.kz портал арқылы қызметтiң атауы — "жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындау";
  • ХҚО арқылы;
  • халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қажеттi құжаттар:

  • жеке куәлiк;
  • жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама;
  • төлемдер аударылатын банк шотының нөмiрi туралы құжат.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметi

Кiрiсiнен айырылу жағдайындағы төленетiн әлеуметтiк төлем

Әйел адам үшiн ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерiн рәсiмдеу жағын да ойластыру керек.

Пайдалы ақпаратпен бөлiсе отырып, бiз өмiрлерiңiздi жеңiлдетпекпiз.

Кiрiсiнен айырылу жағдайындағы төленетiн әлеуметтiк төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерiн, орташа айлық кiрiсiн және зейнетақы төлемiнiң тиiстi көлемiн ала отырып есептеледi.

Бұл төлемдi рәсiмдеуге ХҚО-ға келесi құжаттар қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Банк шоты жайлы мәлiмет;
  • Жұмысқа жарамсыздық парағы;
  • Егер болашақ ана жеке кәсiпкер болса, кәсiптiң мемлекетiк тiркеуi туралы куәлiктiң көшiрмесi.

Құжаттарды тiркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл iшiнде өткiзуге болады.

Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күнi iшiнде төлемдердiң тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келедi.

«Азаматтарға арналған
үкiмет» мемлекеттiк
корпорация» КЕ АҚ баспасөз
қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет өзiнiң кадр резервiн жасақтайды

2021 жылғы 26 ақпан

Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Әдiл Қожықов хабарлады. Дарындылар пулына (кадр резервiне) қатысуға өтiнiштердi қабылдау 2021 жылғы 1 наурызда басталады.

«Министр Бағдат Мусин өз парақшасында кадрлық резерв туралы айтқан болатын. Бiз дарындылар пулын — болашақта кәсiпқой мамандардан құралған мықты команда жасақтауды жоспарлап отырмыз. Оған тек бiздiң қызметкерлер ғана емес, кез келген азамат қатысып, өтiнiм бере алады», — деп жазды Әдiл Қожықов.

Жобаға жоғары бiлiмi және кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi бар тұлғалар қатыса алады. Үмiткерлер үшiн ғылыми дәреженiң болуы резервке алу барысында артықшылық болып есептеледi. Тiркеу және онлайн iрiктеу talent.gov4c.kz сайтында 1 наурыздан бастап жүргiзiледi.

Жобаға қатысушылар iрiктеудiң үш кезеңiнен өтедi. Алғашқы екеуiнде үмiткерлер логикалық тестiлеу мен ҚР заңдарының бiлiмi бойынша тест тапсырады. Қорытынды кезеңде мемлекеттiк және қоғам қайраткерлерiнен, HR сарапшыларынан және мемлекеттiк корпорацияның басқарма мүшелерiнен тұратын сарапшы кеңеспен әңгiмелесу өтедi. Жоғары балл жинаған және әңгiмелесу кезеңiнен өткен үмiткерлер кейiннен тиiстi бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервiне алынады.

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкiндiк бередi

«Азаматтарға арналған үкiмет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттiк қызметтер қатарын ұлғайтты. Ендi қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегi ХҚО-да кез келген мемлекеттiк қызметтiң төлемiн бiрнеше секундтың iшiнде жолдай алады.

QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесiне актiлердi дайындау және беру, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, банктiк қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын берудi, кондоминиум объектiсiн, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлiктер саласындағы басқа да мемлекеттiк қызметтер үшiн төлем жасауға болады.

«Пандемия кезiнде ұзын-сонар кезектiң алдын алу керектiгiн түсiнемiз, сондықтан процестердi барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттiк қызметтер үшiн QR-төлем жасау жобасы бiрнеше ай бұрын iске қосылды және осы уақыттың iшiнде бiз тиiстi құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», — дедi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Сүйенiш Әбдiлдин.

Азаматтар ХҚО-да мемлекеттiк қызметтердiң ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексiз, қауiпсiз және тез төлей алады.

Ендi азаматтар қандай бiр қызметтi алған кезде төлем жасау үшiн менеджерден QR құрып беруiн өтiнiп, сосын өзiнiң смартфоны арқылы бiрнеше минуттың iшiнде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшiн әрбiр қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi

Бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алу жолдары

Бүгiн бiз бiлiм туралы құжаттардың, яғни мектептi бiтiргенiңiз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екi жолы бар:

Еgov.kz арқылы:

Ең алдымен порталға кiрiп, iздеу жолы арқылы «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметтi табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;

Бiрiншi қадамда өзiңiз туралы мәлiметтердi, қайта қалпына келтiретiн құжаттың түрiн таңдаңыз;

Оқу орны жайлы мәлiметтердi ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетiңiз;

Екiншi қадамда ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

Қызмет нәтижесiн жеке кабинетiңiзден тексерiп отырыңыз.

Есiңiзде болсын:

Бұл қызмет түрiн электронды алу үшiн сiз мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелген болуыңыз керек.

Қызмет көрсету уақыты — 15 жұмыс күнi.

ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн:

Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз;

ХҚО операторы арқылы «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметiне өтiнiш қалдырыңыз;

Қажеттi құжаттар тiзiмi:

Туу туралы куәлiк немесе жеке куәлiк;

Өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкiлiнiң құжаттары.

Есiңiзде болсын:

ХҚО-ға бармас бұрын бiлiм беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексiн бiлiп алыңыз.

Егер бiлiм беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергiлiктi мұрағатқа сұрау жiберу арқылы алынады.

Қызмет көрсету құны — тегiн.

Қызмет көрсету мерзiмi құжат тапсырған күндi есепке алмағанда 30 жұмыс күнiн құрайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi

Солтүстiкқазақстандықтарға автокөлiктi тiркеу процесi жеңiлдетiлдi

Бұрын автокөлiктi тек арнайы ХҚО-да немесе egov.kz электронды үкiмет порталында тiркеу мүмкiн болатын. Ендi мемлекеттiк қызмет kaspi.kz қосымшасында онлайн режимiнде қол жетiмдi.

Қосымшада автомобильдi қайта ресiмдеу "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде жасалуы мүмкiн, онда сатушы, Сатып алушы үшiн жеке қосымшалар бар. Қызметтi пайдалану үшiн ЭЦҚ қажет емес. Құжаттарға Kaspi арнайы электрондық қолтаңбасы қойылады.

«Ендi сатушы автомобильдi қосымшадағы есептен шығарған кезде, сервис көлiк құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектерiне автоматты түрде тексеру жүргiзедi. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бiрден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшiн ақша аударады, баж салығын төлейдi, автокөлiктi есепке қояды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi онлайн таңдайды», — деп түсiндiрдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалында.

Жаңа сервистi пайдалана отырып, автокөлiктi сатып алушы мен сатушы мемлекеттiк органдарға жүгiнбей, өз бетiнше рәсiмнен өте алады. Онлайн мәмiле аяқталғаннан кейiн құжаттарды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi "Электрондық үкiмет" порталындағы үйге жеткiзуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚО-да өз бетiнше алуға болады.

Жақын арада осындай қызметтер басқа банктерде пайда болады деп күтiлуде.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi

Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген

ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп.

Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис — Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсімдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында — не бары 7 мың.

Мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ. «Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бірнеше минуттың ішінде рәсімдеуге болады», — дейді Әділ Кожихов.

Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкімет ЭЦҚ кілттерін уақытылы жаңартып отыруды ескертеді. Бір жылға берілетін электронды қолтаңбаның мерзімі аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесіне ескертпе-смс келеді. Азаматтар кілттердің жарамдылық мерзімін Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бір жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеттілігін жояды.

Айта кетейік, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеу мүмкіндігі 2020 жылғы сәуір айынан бері бар. Ол үшін камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлік және мобильді азаматтар базасында тіркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәліметтері мен бет-әлпетін сәйкестіргеннен кейін жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшiн:

  • Қолданыстағы жеке куәлiктiң түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиiс;
  • SMS-хабарламаларды алу мүмкiндiгi бар телефон;
  • Компьютерiңiзде веб-камера болуы керек;
  • Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

Порталдың басты бетiнде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексередi. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесiн басыңыз.

Мобильдi азаматтар базасында (МАБ) телефон нөмiрiңiздiң тiркелуiн тексеру үшiн ЖСН көрсетiңiз. Тексеру сәттi өткен жағдайда 1414 нөмiрiнен келген SMS-кодты (бiр реттiк құпиясөз) енгiзiңiз;

Назар аударыңыз! Егер сiз бұрын МАБ-та тiркелмеген болсаңыз немесе бiр реттiк парольдi алмаған болсаңыз, жүйе Сiздi және телефон нөмiрiңiздi тiркеудi/қайта тiркеудi ұсынады.

МАБ-та сәттi тiркелгеннен кейiн жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексередi;

"ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендiру бетi ашылады, онда МАБ-та тiркелген телефон нөмiрiн және SMS-кодты енгiзу қажет. Енгiзгеннен кейiн жеке басын растап, (Digital ID жасау),"Бастау" батырмасын басу қажет»;

Сiзге селфи суретiн қосу терезесi ашылады. Бет-әлпетiңiздi ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгiсiне басыңыз. Селфи қосқаннан кейiн бейне сәйкестендiрудi өту үшiн "Жалғастыру" түймесiн басыңыз;

Әрi қарай сiзге бейнесәйкестендiру терезесi ашылады, онда "Бастау" түймесiн басу керек. Бейнесәйкестендiру сәттi өткеннен кейiн аккаунтқа әрi қарай кiру үшiн PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»;

Жеке куәлiктiң фотосуретiн жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңiз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кiрiңiз;

Электрондық мекенжайды өтiнiштiң электрондық нұсқасына қосыңыз және кiлттi сақтау орнын таңдаңыз, содан кейiн оның орналасқан жерiн көрсете отырып, өтiнiм жiберiңiз;

Бұдан әрi ЭЦҚ сақтау үшiн кiлттер қоймасына жолды көрсетiңiз (папканы таңдаңыз) және " Ашу " батырмасын басыңыз».

ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгiзiңiз және "сертификаттарды Жүктеу"батырмасын басыңыз.

«Азаматтарға арналған
үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметi

ЭЦҚ мерзiмiн ұзарту

Баршаңызға сәлем! Бүгiнгi #oqy&toqy айдарында ЭЦҚ мерзiмiн ұзарту жайында айтатын боламыз. Ең алдымен сiздiң телефоныңызға ЭЦҚ мерзiмiнiң аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келедi. Ақпаратты тексеру үшiн Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кiрiп, жеке кабинетiңiзден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз. Одан әрi:

Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректердi толтырыңыз;

«Кiлттер тiзiмiн жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзiн дұрыс енгiзген кезде аутентификация кiлтi бейнеленедi. Қол қойып, әрi қарай жұмысқа кiрiсемiз;

ЭЦҚ кiлттерiмен жұмыс жасау үшiн «Менiң ЭЦҚ кiлттерiм» бөлiмiне көшемiз.

Ашылған мәзiрден «ЭЦҚ кiлттерiн қайта шығару» тармағын таңдаңыз.

Негiзгi жолдарды толтырыңыз, «Өтiнiм беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

ЭЦҚ-ны сақтау үшiн компьютердi таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгiзiңiз, одан кейiн «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Есiңiзде болсын

Мобильдi азаматтар базасында тiркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейдi;

Құпиясөзде төменгi және жоғарғы регистрдегi латын әрiптерi, сондай-ақ сандар болуы тиiс;

Құпиясөздiң ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

Электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңiз, ол адам сiздiң дүние-мүлкiңiзге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi

Мүгедектiгi бар азаматтардың санаторлық-курорттық емi

Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектiгi бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтiнiштi ХҚО-арқылы да рәсiмдеуге болатынын бiлесiз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.

Ең алдымен ХҚО-ның жеңiлдiк терезесiне кезектi алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;

Бронды растау үшiн белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

ХҚО операторына келесi құжаттарды тапсырып, өтiнiш берiңiз:

Жеке куәлiк;

Егер заңды өкiлi жүгiнген болса, мүгедектiгi бар азаматтан сенiмхат (нотариалды растау қажет емес);

Мүгедек азамат жайлы қажеттi ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бiрден енгiзедi. :point_up:Егер ақпараттық жүйеде мәлiмет толық болмаған жағдайда келесi мәлiметтердi қосымша талап етедi:

Мүгедектiгiне байланысты құжаттар;

Жеке оңалту бағдарламасы әзiрленген iс-шаралар туралы жазба көшiрмесi;

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күндi есепке алмағанда — 10 жұмыс күнi.

Есiңiзде болсын!

Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешiмiмен тағайындалады.

Дендерiңiз сау болсын!

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi

«Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналарға жәрдемақы тағайындау

Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.

ХҚО арқылы:

Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;

Брондырастауүшінбелгіленгенуақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:

Жеке куәлік;

Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;

Банктік есепшот жайлы анықтама;

SMS хат арқылы:

Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, «Алтын» немесе «Күміс» алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.

Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.

Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.

Есіңізде болсын!

Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметі

Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде ала алады

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап мұндай мүмкіндік тек астана мен Шымкент қаласының тұрғындарында болған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электрондық үкімет порталынан ала алатындай етті. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.

Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет.

Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.

Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетінэлектронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электрондыбаламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында 12 мыңнан астам қазақстандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі

ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды.

Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған болатын. Онда компьютері немесе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қызметін жалғастыратын болады.

Бұған дейін тегін алуға болатын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын мекемелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген болатын. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.

Мемлекеттік корпорация қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу

Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

Egov.kz арқылы

Порталға кіріңіз

Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз

Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз

Өтініш берушіні таңдаңыз

Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз

Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз

Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз

Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет

Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.

ХҚО арқылы

Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз

Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті

Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні

Қызмет құны - 2404,98 теңге.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді Blockchain технологиясының көмегімен көрсете бастады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Blockchain технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғашқы болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.

Блоктардың техникалық реттелген тізбегі түріндегі Blockchain жүйесі жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігінен сақтап, ақпараттық қауіпсіздік пен сапалы қызметті қамтамасыз етеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Blockchain технологиясы кепіл шартын тіркеу үрдісін барынша оңтайландыруға жол ашты. «Бұған дейін қызмет алушылар мүлік кепіл шартын тіркеу үшін бірнеше мекемені аралауға мәжбүр болатын. Мәселен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы анықтаманы алу үшін ХҚО-ға немесе egov.kz порталына жүгініп, сосын оны банкке апаратын. Енді банк қызметкері өтінім жасағанда қызмет алушының жылжымайтын мүлікке құқықтары және ауыртпалықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер автоматты түрде тексеріледі. Енді адамдар емес, мәліметтер сіз үшін «жүгіретін» болды»,– дейді Балташева.

Blockchain технологиясын қолдану арқылы аталған қызметті көрсету мерзімі үш күннен бір күнге дейін қысқарып, банкке ұсынылатын құжаттар тізімі де азайды.

Енді қызмет алушы банктің ақпараттық жүйесінде мүлік шартымен танысып, өзінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қояды, ал қызметтің нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама қызмет алушының egov.kz электрондық порталындағы жеке кабинетіне жолданады.

Blockchain технологиясын таңдау барысында желі қолданушыларының әрекеттерінің айқындығы, децентрализация және сенімді қорғаныс жүйесі есепке алынды.

Қазақстанда кепіл шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті осындай әдіспен көрсету үрдісі коммерциялық банктің бірімен жүзеге асуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» басқа да екінші деңгейлі банктермен осы бағытта қызмет көрсету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Себебі Blockchain технологиясы екіжақты келісім жасасу кезінде үшінші тұлғаларды кірістірмей, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін несиені онлайн ресімдеу және несие беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін ескертеді.

Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді. Аталған мәселе бойынша алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласа алады.

Баспасөз релизі
2020 ж. 09.11. Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті

Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің.2020 жылғы 05 қарашадағы № 34 қаулысына сәйкес дүсенбіден жұмаға дейін ХҚО-лар азаматтарды сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтын болады. Сенбі мен жексенбі демалыс күндері

«Енді Солтүстік Қазақстан облысының барлық ХҚО-лары сағат 09-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ Петропавл қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына назар аударғым келеді. Естеріңізге сала кетейін, облыс орталығының ХҚО-лары ашылғаннан бері жаңа форматта жұмыс істеп келеді. Тек «қағаз» қызметтері ұсынылады, азаматтар электрондық қызметтерді өздері немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алады. Сонымен бірге, қалалық бөлімдерде сіз қызметтерді кезекке алдын-ала тапсырыс бергеннен кейін ала аласыз. Жаңа кестені ескере отырып, Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызметтерді алу үшін сағат 17.30-ға дейін кезекті брондау қажет. Кейін брондау жарамсыз деп танылады», - деді Еркін Жұмабай, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.

Кезекке бірнеше тәсілмен тапсырыс беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі немесе Telegram bot EgovKzBot2.0 және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы. Бұған қоса, кезекке қайта тапсырыс беру мүмкіндігі бар.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында ХҚКО-ларда міндетті түрде медициналық маскаларда болу қажет. Сондай-ақәлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Пәтерге тіркелгендердің санын қалай анықтауға болады?

Бүгін #қысқаданұсқа айдарында пәтерге тіркелгендердің санын қалай табуға болатынын айтамыз.

Сонымен, егер сіз меншік иесі болсаңыз және тіркелген азаматтардың санын білгіңіз келсе, мұны екі жолмен жасауға болады:

Egov.kz порталы арқылы:

Egov.kz порталына ЖСН мен парольді енгізу немесе ЭСҚ қолдану арқылы тіркеліңіз;

«Жеке кабинетке» өтіңіз;

«Меншік» бөлімінде «Тіркелгендердің тізімін көрсету / жасыру» тармағын таңдаңыз;

Telegram бот EgovKzBot2.0 Telegram бот арқылы:

Іздеу өрісіне EgovKzBot2.0 теріңіз;

Содан кейін стартты басып, «Қызметтерге» өтіңіз;

«Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Менің пәтерімде қанша адам тіркелген» қызметін таңдаңыз;

Егер сізде бірнеше пәтер болса - пайда болған тізімнен қажетті мекен-жайды таңдаңы. Сіз ұялы телефоныңызға растау коды бар хабарлама аласыз, оны енгізуіңіз керек. Нәтиже бірнеше минут ішінде дайын болады.

Назар аударыңыз, қызметті алу үшін сіз мобильді азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден шығару

Өз баспанаңыздың тiркеу есебiнен, баспана қожайыны ретiнде, кез-келген адамды тiркеуден шығара алатыныңызды бiлесiз бе? Бүгiн бiз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екi жолын көрсететiн боламыз.

Бiрiншiсi Egov.kz порталы арқылы:

Порталға кiрiңiз;

Iздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» қызметiн табыңыз;

Қызметтi онлайн сұратыңыз;

Портал сұратқан мекенжай туралы мәлiметтердi толтырыңыз;

Портал тiркелген азаматтар тiзiмiн шығарады. Қажеттi азаматты «алып тастау» батырмасын басу арқылы көрсетiңiз;

ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

Тұрғын үйдiң ортақ иелерi болса, олар өз тарапынан жеке кабинетiнде келiсiмiн беруi қажет;

Қызмет нәтижесiн жеке кабинетiңiзден бiлесiз.

Ескерту, өтiнiш берушi мобильдi азаматтар базасында тiркелген болуы қажет.

Екiншiсi ХҚО арқылы:

ХҚО-ға кезектi алдын ала брондаңыз;

Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;

Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмiрiн беру ақылы қызметке өтiнiш берiңiз;

Қызмет нәтижесi 5 минутта дайын болады.

Ескерту, ХҚО арқылы рәсiмдеген кезде тiркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмiрiн алдын ала бiлгенiңiз абзал. Бiлмесеңiз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетiңiзден тiркелгендер тiзiмiн тексеру арқылы бiлуге болады.

Iске сәт. Қызметтердi үйде отырып, онлайн рәсiмдеңiз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай ішінде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті.

Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтік мекенжай көмегіне (50 мыңнан астам) қатысты болған.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес бекітілді. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы - әлеуметтік блоктың қызметкерлері.

«Корпорацияның әлеуметтік саладағы рөлі тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейді. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердің 44 санаты бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Соның ішінде декреттік төлемдер, бала туу мен бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бар», - деді мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы – 315 397, бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем – 206 082, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем – 154 499.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.

ХҚО арқылы:

ХҚО-ға кезектi алдын-ала брондаңыз;

Тiркеу бөлiмiне белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте келiп, броныңызды растап, жеңiлдiк терезесiне талон алыңыз;

Операторға қажеттi құжаттарды ұсыну арқылы қызметтi 15 минутта рәсiмдеңiз.

Мобильдi топты шақырту арқылы:

"1414" бiрыңғай байланыс орталығына мобильдi топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сiзбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн iшiнде сiздiң мекенжайыңызға келiп, құжаттарды рәсiмдейдi.

Сiзге қажеттi құжаттар:

Жеке басыңыздың куәлiгi;

Егер сенiмдi өкiлiңiз келген болса, оның сенiмхаты (нотариалды растау қажет емес);

Медициналық оңалту бағдарламасы жөнiнде анықтама;

Мүгедектiгi жайлы куәлiк;

Егер ҰОС ардагерi немесе соған теңестiрiлген азамат болса, ол туралы куәлiк;

Егер әрекетке қабiлетсiз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкiлi құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:

Құжат тапсырған күндi есепке алмағанда, 10 жұмыс күнi iшiнде.

Қызмет нәтижесi:

Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берiлуi жайлы шешiмдi ХҚО-дан аласыз.

Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасынан берiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»

КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады

Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттiк қызмет онлайн режимге ауыстырылды.

Ендi «Мемлекеттiк жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегiмен жобаланып отырған жер учаскесiн келiсу», «Жер учаскесiне актiлер дайындау және беру», «Жер учаскесiнiң сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттiк қызметтер egov.kz электронды үкiмет порталы арқылы қолжетiмдi болады.

Қазiргi таңда барлық қажеттi нормативтiк-құқықтық актi тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлiп, қызметтер egov.kz порталында тестiлеуден өтiп жатыр. Нормативтi актiлер күшiне енгеннен кейiн кез келген азамат бұл қызметтердi онлайн түрде сұрата алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Мәди Садановтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтердi алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленiп келген. «Жер бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң көп бөлiгi тек қағаз түрiнде және қызмет алушының мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне тiкелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуiрiнде тұрғылықты жерге байланып, қызметтiң нәтижесiн бiрнеше күн, тiптi бiрнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан бiз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердiң көрсетiлу мерзiмiн қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкiндiгi оларды тұрғылықты жерiне қарамастан әлемнiң кез келген жерiнде отырып алуға жол ашады. Басты талап — электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы», — дедi Саданов.

Мәселен, егер бұрын МЖК ААЖ графикалық мәлiметтерiмен жобаланатын жер учаскесiн келiсу мерзiмi 15 күнтiзбелiк күн болса, қазiр ол 7 жұмыс күнiне дейiн, ал жеке сәйкестендiру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнiнен 4 күнге дейiн қысқарды. Мемлекеттiк жер кадастрынан ақпарат беру мерзiмi 3 жұмыс күнiнен 15 минутқа дейiн қысқарды. Барлық бес қызмет бойынша да солай.

Айта кетейiк, жаңа қызметтер egov.kz порталының «Жылжымайтын мүлiк» бөлiмiндегi «Жер қатынастары» тармағында қолжетiмдi болады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бизнес-процестердi мүмкiндiгiнше цифрландыруды тапсырған болатын.

Анықтама:

Биылғы жылдың 9 айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы жер учаскесiне 205 мыңнан астам акт, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша 17 мың қызмет, мемлекеттiк жер кадастрынан 4 мыңға жуық ақпарат, жердiң сапасы туралы жарты мыңға жуық ақпарат берiлдi. Сондай-ақ шамамен 52 мың жер учаскесi келiсiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтiк төлем

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетiнiн бiлесiз бе? Ол қандай жағдайда төленедi және оған өтiнiштi қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегiдей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтiнiш берудiң бiрнеше жолы бар:

Egov.kz порталы арқылы

Порталға кiрiп, iздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау» деген қызмет атауын терiңiз

Қызметтi онлайн сұратыңыз

Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды

Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгiңiздi растаңыз

ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз

Қызметтiң нәтижесiн жеке қабинетiңiзден бiле аласыз.

ХҚО арқылы

ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз

ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлiк, жұмыссыз ретiнде тiркелгенiңiз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз

Жұмыспен қамту орталығы арқылы

Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тiзiмi тапсырылады.

Ескерту, жәрдемақыға өтiнiш берушi жұмыссыз ретiнде тiркелген және бұған дейiн ресми жұмыс iстеген азамат болуы керек.

Өтiнiш 8 жұмыс күнi iшiнде қаралады

Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейiн төленуi мүмкiн және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады

Жәрдемақы мөлшерi азаматтың әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi төлемдер негiзiнде тағайындалады

Iске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»

КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Тұрғылықты жер бойынша емханаға тiркелу

Елiмiзде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн емханаға тiркелу науқаны басталып кеттi. Сiз өз емханаңызға тiркелiп үлгердiңiз бе? Үлгермесеңiз, бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.

Egov.kz порталы арқылы:

Egov.kz порталына кiрiңiз;

Iздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға бекiту» деген қызмет атауын терiңiз;

Қызметтi онлайн сұратыңыз;

Бiрiншi қадамда сiз кiмдi тiркейтiнiңiз (балаңыз/өзiңiз) және тұрғылықты жерiңiз туралы ақпаратты енгiзесiз;

Медициналық ұйым атауын және дәрiгерiңiздiң аты-жөнiн таңдаңыз;

Мекенжайыңыз бен байланыс нөмiрiңiздi көрсетiңiз;

Келесi қадамда енгiзген мәлiметтерiңiздiң дұрыстығын тексерiп, қызмет мәртебесiмен таныс болыңыз;

Нәтиженi жеке кабинетiңiздегi қызметтер тарихынан бiле аласыз.

Телеграм бот арқылы:

Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кiрiңiз;

Теру жолынан көрсетiлетiн қызметтер тiзiмiн ашыңыз;

Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;

Медициналық ұйымға месенджер ақылы тiркелу батырмасын басыңыз;

Қызметтi кiмге алатыныңызды көрсетiңiз;

Мекенжай мәлiметтерiн растаңыз;

Тұрғылықты өңiрiңiздi көрсетiңiз;

Емхананы таңдаңыз;

Тiркелу себебi мен дәрiгердiң аты-жөнiн көрсетiңiз;

Бот сiздiң өтiнiшiңiздiң нөмiрi мен тiркелгендiгiңiз туралы ақпаратты бiрден көрсетедi.

Емхана арқылы:

Жеке куәлiк және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тiркеу бөлiмiне көрсетiп, өтiнiш қалдырыңыз.

Қызмет көрсету мерзiмi — 1 жұмыс күнi

Қызмет нәтижесi:

Емханаға тiркелгендiгi туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

Ескерту, қызметтi алмас бұрын тiркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрiгердiң аты-жөнiн алдын ала бiлiп алған абзал.

Емханаға тiркелген кезде, бұрыңғы тiркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендерiңiз сау болсын, өзiңiздi күтiп, қызметтi үйден алыңыз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»

КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар тұрғылықты жер бойынша онлайн жиi тiркеле бастады

Жыл басынан берi 1,2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жерi бойынша электронды үкiмет порталы арқылы тiркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тiркелудi жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тiркеу» қызметiне сұраныс екi есеге жуық өскенi байқалады.

Өткен жылдың сәйкес мерзiмi iшiнде көрсеткiш түбегейлi басқа болған. ХҚО арқылы 2,1 миллионнан астам қызмет алынса, 726 мың тiркеу электрондық үкiмет порталында жүзеге асқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуi COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағдай кезiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты. «Пандемия электронды қызметтердiң дамуына үлкен серпiн бердi. Егер бұрын үлкенi де, кiшiсi де қарапайым анықтамалар үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретiн болса, карантин жағдайында денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше онлайн түрде ала бастады. Күн сайын мыңдаған адам қызмет алуға келетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi ретiнде бұл бiздi өте қуантып отыр. Азаматтарға бұдан да күрделi қызметтердi ұсыну мүмкiндiгi жасалуда», — дедi Балташева.

Egov.kz электронды үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу үшiн өтiнiш берушiнiң және жылжымайтын мүлiк иесiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Тiркелушi азамат өтiнiш жасап, мүлiк иесi оны растауы қажет. Тұрғындарды тiркеу қызметiн «Азаматтық, миграция және иммиграция» — «Халықты тiркеу және тiркеу есебiнен шығару» бөлiмiнен табуға болады.

Еске салайық, 2019 жылдың маусым айынан бастап азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу қызметiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметкерлерi жүзеге асырады бастады. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесiне сәйкес тiркеу қызметтерiн ұсынуға мүмкiндiк бердi, яғни таңғы 9.00-ден кешкi 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз, сондай-ақ көшi-қон полициясының деректер базасына тiркеу мүмкiндiгi бар қызметкерлердiң санын көбейтiп, осы қызмет түрiне кезектi азайтты.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлiктi қалай тiркеймiз?

Баспаналы болдыңыз ба? Ал оны қалай заңдастырасыз? Естерiңiзде болса жылжымайтын мүлiкке мемлекеттiк тiркеудi бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз. Қазiр бұл қызметтi ХҚО арқылы да рәсiмдеуге болады. Сондықтан бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарымызда жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қызметiн алудың жолын үйрететiн боламыз.

Ең алдымен ХҚО-ға кезектi брондаңыз;

Брон уақытына сәйкес ХҚО тiркеу бөлiмiне барып талон алыңыз;

Күту залындағы электронды таблодан кезегiңiздi бақылаңыз;

Реттеу залына өтiп қажеттi операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.

ХҚО-ға келесi құжаттарды ала баруыңыз керек:

Жылжымайтын мүлiктiң меншiк құжаттары;

Жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспорты;

Жер телiмi болса, оның сәйкестендiру нөмiрi;

Жылжымайтын мүлiкке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келiсiмi;

Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тiркелген келiсiмi, некеде болмасаңыз — некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;

Егер сатушы кәмелет жасына толмаған iске қабiлетсiз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келiсiмi;

Келiсiм-шартты жасау үшiн төленген қаражаттың төлем түбiртегi.

Мемлекеттiк БАЖ салығы 1073 теңгенi құрайды.

Қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.

Баспана құтты болсын! Iске сәт!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Жеке куәлiк пен төлқұжатты қалай рәсiмдеймiз?

Құрметтi оқырман, егер сiздiң жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бiрiн ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал бiз сiзге бүгiнгi #oqy&toqy айдарында бұл жайлы қысқаша ақпарат беретiн боламыз.

ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз;

Өзiңiз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз;

Тiркеу залына өтiп, ЖСН арқылы брондаған кезегiңiздi растап, элекронды талон алыңыз;

Күту залындағы электронды таблодан кезегiңiздi бақылаңыз;

Құжаттандыру секторына өтiңiз;

Көшi -қон қызметкерi құжатты рәсiмдейдi;

Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.

ҚР азаматының жеке куәлiгi азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға берiледi.

ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға берiледi.

16 жасқа толған жасөспiрiм жеке куәлiктi алу үшiн ХҚО-ға ата-анасының бiрiмен келуге мiндеттi

Төленетiн баж алымы:

Паспорт — 8 АЕК

Жеке куәлiк — 0,2 АЕК

Құжат 15 жұмыс күнi iшiнде жасалады

Егер құжаттың жасалу мерзiмiн жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады.

1 жұмыс күнi — 4983 тг.

3 жұмыс күнi — 2752 тг.

Жеке куәлiктiң мерзiмi аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектiгiн ескертемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы қалай алуға болады, Oqyp&Toqyp алыңыз!

  • Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
  • Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз
  • Қызметке онлайн сұрау жасаңыз
  • Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз
  • Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз
  • Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады

Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс!

Онлайн болу оңай!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Бала асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру

Достар, бiз, әдеттегiдей, мемлекеттiк қызметтердi онлайн түрде алу жолдарымен бөлiсудi жалғастырамыз. Бүгiн #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшiн тиiстi куәлiктi қайталап алуға қалай өтiнiш беру керектiгiн айтамыз!

Ол үшiн:

Egov.kz порталына кiрiп, авторизациядан өтiңiз

Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлiмiн таңдаңыз

«Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру» қызметiн тауып, онлайн сұрау салыңыз

Әрi қарай асыраушы туралы мәлiметтердi толтырып, төлем жүргiзiңiз (қызмет құны — 1 АЕК)

Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күнi iшiнде дайын болуы тиiс!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Патронаттық тәрбиелеуге алу

Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын #oqy&toqy айдарында көрсетеміз.

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;

Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек. Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.

  • Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;
  • Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы мен жұбайыңыздың электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;
  • Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;
  • Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;

Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:

  • Қызметалушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;
  • Қызметалушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;
  • 2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
  • Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
  • Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;
  • Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Аты-жөнін өзгерту туралы куәлікті қайта алу

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:

Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;

Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.

Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Пандемияға қарамастан, автоХҚО қызметіне деген сұраныс саябырламай тұр

Елімізде жыл басынан бері автоХҚО-да 1,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді . «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми мәліметіне сәйкес биылғы жеті ай ішінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 400 мыңнан астам қызмет, ал көлікті тіркеу бойынша 1,3 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылған.

Бұл орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда биыл egov.kz арқылы алынған онлайн қызметтердің саны артқан. «Бұл үрдіс азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізгені анық. Мәселен, биыл электрондық портал арқылы 145 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін ауыстырса, 90 мыңға жуық кісі көліктерін онлайн түрде қайта тіркеген», - деді ол.

Бүкіләлемдік пандемия салдарынан жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарғанына қарамастан, қазақстандықтардың автокөлікке қатысты қызметтерге деген сұранысы өте жоғары. Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтердің саны былтырғы жылға қарағанда 70 мыңға өскен, ал көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет небары 150 мыңға қысқарды.

Бұл тұрғыда еске салайық, елдегі карантиндік жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын-ала брондау арқылы кезекке тұру қажет. «ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Бұл орайда алаяқтарға алданбауларыңызды сұраймыз», - деп ескертті Әсемгүл Балташева.

Қазіргі таңда аймақтардағы бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі біртіндеп ұзартылып жатыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Бүгін #oqy&toqy айдарында білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильден өткізудің қысқа да нұсқа жолын көрсетпекпіз.

Egov.kz порталына кіріңіз:

Іздеу жолы арқылы «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» қызметін табыңыз.

Қызметті онлайн сұратыңыз.

Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз.

«Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз.

Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз.

«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз.

Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз.

Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз.

ХҚО-ға өзіңізбен бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз.

Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

ХҚО-ның қағаз жүзiнде көрсететiн қызметтерiне өтiнiштi қашықтан беруге болады

Аймақтық бас санитарлық дәрiгерлердiң шешiмiне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс iстейдi. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшiн кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Осыған байланысты Азаматтарға арналған үкiмет өзге мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн кейбiр қызметтер бойынша өтiнiштi eGov порталындағы «Электронды өтiнiш» сервисi арқылы қашықтан беру мүмкiндiгiн қарастырды.

Ендi «Электронды өтiнiштер» сервисi арқылы электрондық форматта қолжетiмсiз әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтiнiш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б.

Таяу арада бұл тiзiм тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтiк төлем тағайындау және т.б.

Өтiнiш беру үшiн азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кiруi керек. Одан кейiн «Электрондық өтiнiштер» сервисiн таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруi қажет. Содан кейiн жеке ақпаратты, оның iшiнде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиiс.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшiрмелерi (қажет тiзiмдi 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттiк қызмет стандарттары» бөлiмiнен нақтылауға болады), қызмет алушының еркiн үлгiде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтiнiшi қоса жүктелуi қажет. «Қабылдаушы» деген жерге қызмет алушының тiркелген жерi бойынша аймақтық мемлекеттiк орган таңдалуы тиiс.

Мысалы, жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшiн әлеуметтiк төлемдер қызмет үшiн «Азаматтарға арналған үкiметтiң» аймақтық филиалын, ал мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау қызметi бойынша Әлеуметтiк бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестiру бойынша аумақтық бөлiмшелерi көрсетiлуi тиiс.

Өтiнiмнiң соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек.

Егер азаматтың жолдаған өтiнiшi бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi қызмет алушыға өтiнiмдi толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлу нәтижесi туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетiне келiп түседi.

Egov.kz орталындағы «Электронды өтiнiш» арқылы өтiнiш қабылданатын қызметтер:

  1. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесiне, асырап алушыға (ата-анасына), қамқоршысына (қамқоршысына) жәрдемақы тағайындау («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  2. Бала кезiнен бiрiншi топтағы мүгедектердiң күтiмiне берiлетiн жәрдемақыны тағайындау («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  4. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  5. Мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар тағайындау («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  6. Арнайы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  7. Жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  8. Банкрот нәтижесiнде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу төлемдерiн капиталдандыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрiнде әлеуметтiк көмек тағайындау(«Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  9. Көп балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  10. Оралман мәртебесiн тағайындау немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  11. Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетiнше жұмысқа орналасу бiлiктiлiгi туралы анықтама беру немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  12. Мүгедектiктi және/немесе жұмыс iстеу қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу және/немесе әлеуметтiк қорғаудың қажеттi шараларын айқындау (Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар аумақтық бөлiмшелерi);
  13. Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшiн құжаттарды рәсiмдеу («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  14. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар аумақтық бөлiмшелерi);
  15. Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар аумақтық бөлiмшелерi);
  16. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға ұшыраған азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiктер беру («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  17. Ақталған адамға анықтама беру («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  18. Мүгедектердi сурдо-тефлотехникалық және мiндеттi гигиена құралдарымен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  19. 19.Бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту қабiлетi бұзылған адамдар үшiн ымдау тiлi маманы қызметтерiн ұсыну үшiн құжаттарды рәсiмдеу(«Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  20. Мүгедектердi арбалармен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  21. Мүгедектердi курорттық емдеумен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  22. Үйде күтiм жасау жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну бойынша құжаттарды рәсiмдеу («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  23. Медициналық және әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша құжаттарды рәсiмдеу («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  24. Bastau Business жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту («Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ филиалдары).

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi

Солтүстікқазақстандықтар үйлерінен 700-ден астам мемлекеттік қызметті алды

Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Ол үшін олардың өздері немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек. Бұдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары оларға хабарласып, үйлеріне барып мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақытын белгілейді.

Биылғы жылдың 5 айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы тұрғындардың үйіне барып, 700-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының СҚО бойынша филиалының диркторы Еркін Жұмабайдың айтуынша, бұл қызметті ХҚО-ға келе өздері келе алмайтын бірінші және екінші топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарт адамдар, ҰОС қатысушылары және мүгедектігі бар балалар ала алады. «Азаматтардың үйлеріне барып көрсетілетін ең танымал қызметтердің бірі – мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарын рәсімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу», – деді Жұмабай.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Қазақстанда бiр жылда 117 мыңға жуық заңды тұлғалар тiркелген

1 шiлдеде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлгенiне тура бiр жыл толады. Осы уақыт iшiнде Мемлекеттiк корпорация 116 997 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркедi. Барлығы Азаматтарға арналған үкiметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берiлген.

Коммерциялық емес ұйымдарды тiркеу Әдiлет министрлiгiнiң құзырында қалды.

Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тiркеу тiркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкiмет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тiркелген ЖШС саны жоқ.

Заңды тұлғаларды тiркеу бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетiлген — 33 мыңнан астам заңды тұлғалар тiркелген. Екiншi орында Нұр-сұлтан. Мұнда бiр жыл iшiнде 24 мыңнан астам тiркеу жүргiзiлдi. Үшiншi орында Қарағанды облысы — заңды тұлғаларды тiркеу желiсi бойынша 7 мыңнан астам қызмет көрсетiлген. Бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Солтүстiк Қазақстан облыстарында ең аз сұранысқа ие.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тiркеу саласында мемлекеттiк қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттiк корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсендi жұмыс жүргiзуде.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiмет» бастамасымен «Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң толықтырылды.

Атап айтқанда, Жарғының телнұсқасын беру мерзiмi үш жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн, бизнестi қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысты тiркеу рәсiмдерiн жүзеге асыру мерзiмi он жұмыс күнiнен беске дейiн қысқартылды.

Сондай-ақ, басшының, қызметтiң негiзгi түрiнiң және т. б. өзгеруi сияқты заңды тұлғалардың деректерiн өзгертудi автоматтандыру мәселесi пысықталуда.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

Хабарландыру

Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары!

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 13.06.2020 жылғы қаулысының негiзiнде, карантиндiк шараларын сақтау мақсатында, 2020 жылғы 15 маусымнан бастап «Азаматтарға арналғын үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша (ХҚО) барлық бөлiмдерiнiң жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейiн шектеулi.

Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтiк қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис, сондай-ақ EgovKzBot2.0 телегра-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттiк қызметтердi egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильдi қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуды жалғастырады.

ХҚО-ның жұмыс кестесi: Дүйсенбi-сенбi аралығы 10.00-ден 20.00-ге дейiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы

Жол қозғалысы ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды қалай тексеруге болады

Айыппұлдар туралы ақпаратты және оларды төлеудi электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ egov mobile мобильдi қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Egov mobile арқылы айыппұлды төлеу үшiн қосымшаға кiру керек:

- «Жүргiзу және көлiк» бөлiмiне өтiңiз;

- «Әкiмшiлiк айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айппұлдары iздеу және төлеу» қызметiн таңдаңыз;

- «Қызметтi алу» батырмасын басыңыз;

- Iздеу нәтижелерi бар пайда болған терезеде қажеттi айыппұлды таңдап, «Төлеу» түймесiн басу арқылы төлеңiз

Айыппұлды төлеген кезде мәлiметтер автоматты түрде дерекқорға енедi, сондықтан iшкi iстер органдарына түбiртек ұсынудың қажетi жоқ.

Жолда өте сақ және абай болыңыз, сонымен қатар айыппұлдарды үнемi тексерудi ұмытпаңыз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

ХҚО-лар ашылған соң алынған ТОП-5 қызмет

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейiнгi көп сұратылған мемлекеттiк қызметтердiң рейтингiн жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейiн көбiне жеке куәлiк пен паспорт алу үшiн жүгiнген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.

Екiншi орында автокөлiктi қайта тiркеу қызметi. Мамырда автомобиль иелерi Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлiктi қайта тiркеген.

ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлiк иелерi де күттi. Азаматтар жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметi үшiн ХҚО-ға 56 мыңнан астам рет жүгiнген.

Төртiншi орында жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және беру қызметi. Мамыр айында 30 мыңға жуық құжат рәсiмделген.

Карантиннен кейiнгi сұранысқа ие бесiншi қызмет — әлеуметтiк қауiп-қатер жағдайында әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау қызметi. Бұл негiзiнен жүктiлiк және босануға байланысты берiлетiн төлем. Оны 20 мыңнан астам жүктi әйел алған.

Азаматтарға арналған үкiметтiң алдын ала мәлiметтерi бойынша мамыр айында ХҚО арқылы 645 мыңнан астам мемлекеттiк қызмет алынған. Бұл жерде ХҚО-лардың әр уақытта ашылғанын ескеру керек. Мәселен, Қарағанды ​​облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда, ал Алматыдағы ХҚО-лар өз жұмысын 25 мамырда бастады.

Естерiңiзге сала кетейiк, төтенше жағдай режимi алынып тасталғаннан кейiн ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшiн ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi (106 мемлекеттiк қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезектi еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi
Gov4c.kz

ХҚО-ға кезектi онлайн брондаудың қандай жолдары бар?

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы, халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнiң жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, ХҚО-ға тек алдын ала брондау арқылы ғана баруға болатындығын естерiңiзге салады.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барарда кезек уақытына тапсырыс беру үшiн Egov.kz электронды үкiмет порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 нөмiрiне қоңырау шалуға болады (қоңырау шалу тегiн).

Бронь қызмет алушының ЖСН-iн тiркеу арқылы жасалады. Егер азамат халыққа қызмет көрсету орталығына баратын уақытын алдын ала белгiлемесе, кезектi сол жерде брондау ұсынылады. Алайда қабылдау дәл сол уақытта болатынына кепiлдiк берiлмейдi. Бұл жағдайда азамат өзге бос уақытқа кезекке тапсырыс беруi керек болады.

Айта кету керек, өзгерiстер тек Петропавл қаласында орналасқан ХҚО-ларды қамтиды. Аудан орталықтарында және ауылды елдiмекендерде орналасқан ХҚО-лар бұрынғыдай жұмыс iстейтiн болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджерi Нұрғалиев Ерназар

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкiндiгi пайда болды

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн ХҚО-ға кезектi брондау әдiстерiнiң түрi көбейтiлдi. Ендi қызмет алушылар ХҚО-ға кезектi тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегiмен де брондай алады.

Ол үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильдi азаматтар базасына egov.kz электронды үкiмет порталындағы виртуалды ассистенттiң көмегiмен тiркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезектi брондау үшiн пайдаланушы мәзiрден «ХҚО-ға кезектi брондау» қызметiн таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттiк қызметтердi алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күнi мен уақытты таңдауды ұсынады.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күнi мен уақыты көрсетiлген sms келедi. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезектi алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейiк, қазiргi таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттiк қызмет пен сервис қолжетiмдi. Олардың iшiнде кең қолданысқа ие болғандары дәрiгердi үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.

Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бiр жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз қағаз түрiндегi мемлекеттiк қызметтердi тек алдын ала брондау бойынша көрсетедi.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметi ХҚО-лар өз қызметiн қайта бастаған өңiрлер үшiн ғана жарамды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

Egov.kz порталында кеңестердi видео арқылы алу мүмкiндiгi жасалды

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкiмет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекеттi бөлiсу сервисiн «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.

Видео арқылы кеңес берушi маманның көмегiн алу үшiн пайдаланушы басты беттiң оң жақ төменгi бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесiн басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгiсiн таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бiрнеше секунд iшiнде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекеттi көрсету үшiн қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесiн, содан кейiн «Бөлiсу» батырмасын басуы керек.

Осылайша, ХҚО операторы абоненттiң мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметтi, оның iшiнде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсiмдеуге көмектесiп, мобильдi азаматтар базасына тiркей алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, экранды «бөлiсу» сервисi оператор мен клиенттiң арасындағы байланысты айтарлықтай жеңiлдеттi, өйткенi қызметтердi ұсыну процесiнде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиiмдi болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейдi. «Бұрын бiздiң операторлар клиенттен қай сiлтеменi, қай бөлiм мен қызметтi ашқанын үнемi сұрап отыратын. Ендi бiз экранда болып жатқан барлық әрекеттi көре аламыз және клиенттi қандайда бiр қызметтi алу жолдары бойынша бiрден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкiндiк бередi», — дедi ол.

Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус инфекциясының таралу қауiпiнiң сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетiмдi қызметтердi үйден немесе әкiмдiктерде, бiлiм беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшiлерi және 1414 бiрыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.

Айта кетейiк, қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамы электронды форматта қолжетiмдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi

Петропавл қаласында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылды

Петропавлда бизнес өкiлдерiне қызмет көрсететiн ХҚО iске қосылды. Мұндай шешiмдi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi штабы қабылдады.

Айта кету керек, жақын уақытта заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшiн аймақтардағы төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi штабтың шешiмiмен Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО-лар ашылатын болады. Құжаттарды қабылдау облыс әкiмдiктерiнiң алдын ала ұсынған тiзiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Ол тiзiмге несиелеу бойынша оң шешiм алған ұйымдар кiредi. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшiн ғана жұмыс iстейдi. Облыс тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi онлайн арқылы ала бермек.

Қазақстандықтарға бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтердiң 87%-ы электрондық үкiмет порталы арқылы қолжетiмдi, сондай-ақ қажеттi анықтамаларды eGov Mobile мобильдi қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуға болатындығын еске саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттiк қызметтердi сапалы және тиiмдi көрсету үшiн кәсiпкерлерге құжаттарының толық пакетiн ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимiн сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлерi бетперде мен қолғаптарда жұмыс iстейтiн болады.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететiн ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., Әуезов к-сi, 157. Жұмыс кестесi дүйсенбiден жұмаға дейiн, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алған

Қазақстандықтар карантин басталғалы берi ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлiгi карантин барысында онлайн рәсiмделген, қалған бөлiгi — ХҚО жабылғанға дейiн.

Естерiңiзге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қазақстандықтар үшiн бұдан бұрын өтiнiш берiлген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берiлген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бiрыңғай терезенi iске қосты. Бұл үшiн әр қала мен аудандарда бiр-бiр ХҚО белгiленген болатын.

Дайын құжаттарды көбiне Түркiстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.

Бiрыңғай терезеде берiлген құжаттардың денi — АХАТ құжаттары, жүргiзушi куәлiктерi, көлiктiң техникалық паспорты мен тiркеу нөмiрлерi, жылжымайтын мүлiк пен жер учаскелерiнiң құжаттары, сондай-ақ жеке куәлiк пен паспорт.

Бұл ретте, ТЖ басталғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн жуық қызметтi онлайн түрде алған.

Дайын құжаттарды беру терезелерiнiң жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейiн. Сенбi — сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлiмдердiң тiзiмiн мына жерден көруге болады: gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді

Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды.

Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін.

Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, баспанасына бейтаныс тұлғаларды тіркеп, тіптен көлігін өзге адамның атына шығара алады. Банк картасынынң ПИН-кодын алғаннан кейін алаяқтар ондағы барлық қаражатты шешіп алуы мүмкін.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың онлайн түрдегі мемлекеттік қызметтердің барлық мәселесі бойынша, соның ішінде ЭЦҚ мен жаңа әлеуметтік төлем түрі бойынша ақысыз түрде және еш қауіпсіз 1414 бірыңғай байланыс орталығынан көмек ала алатындығын хабарлайды. Қоңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта оның жұмысына халыққа қызмет көрсету орталықтарының 1800-ден астам қызметкері тартылған.

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «eGov помощь» тобы құрылды, онда қарапайым желі қолданушылары, IT-мамандар және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінен тұратын бірқатар ерікті жиналды. Олардың барлығы egov.kz порталының белсенді қолданушылары, олар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алады және елімізде орын алған қиын сәтте өзге азаматтарға электрондық үкімет порталын пайдалануды үйретуге дайын. Сондай-ақ еріктілер азаматтардан еш жеке деректерін талап етпейді, тек сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер беру арқылы мемлекеттік қызметті алуға көмектеседі.

Егер азамат ескертуімізге қарамастан, ақылы түрде күмәнді «көмекшілердің» қызметтерін пайдаланып үлгерсе және жеке мәліметтерін берсе, Азаматтарға арналған үкімет оларға ЭЦҚ-ның құпиясөзін pki.gov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы өзгертуді немесе кілттердің күшін жоюды ұсынады.

Құрметті қызмет алушылар!

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде «Азаматтарғы арналғын үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша (ХҚО) барлық бөлімдері қашықтағы жұмыс тәртібіне көшеді.

Мемлекеттік қызметтерді алу, сондай-ақ «42500 жәрдемақысын алу» барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай Байланыс орталығына және 8 (71535) 22219, 22275 нөміріне ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының СҚО бойынша филиалының (ХҚО) ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 60-тан астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалының 20-дан астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейтін болады.

Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады. Автомобильді қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейтін болады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы солтүстікқазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

Жақындарыңыз бен өзіңізді қорғаңыз!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама алу

Елбасы Н. Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ондаған мың қазақстандық шетелде білім алып келді. Бүгінде осы бағдарлама негізінде білім алған түлек өз мәртебесін растайтын анықтаманы egov mobile арқылы ала алады.

Ол үшін қосымшаны ашып, авторизациядан өтіп, «Білім беру» бөліміне өту қажет. Оның ішіне анықтама ұсынылатын мекеменің толық атауын жазасыз.

Анықтама тегін рәсімделеді. Нұр-Сұлтан қаласы үшін анықтама 1 күн ішінде дайын болады. Өзге аймақтар үшін — 15 күнтізбелік күн.

Egov mobile қосымшасын пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша баспасөз қызметі

Баспасөз хабарламасы

25 ақпан Петропавл қ.

Мекенжай бойынша әр төртiншi тiркеу egov.kz арқылы жүргiзiлген

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тiркеуге тұру үшiн ХҚО-ның онлайн баламасы — egov.kz таңдай бастады. Былтырғы көрсеткiштердi есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тiркеу рәсiмiн жүзеге асырған, сәйкесiнше әр төртiншi азамат тұрғылықты тiркеу рәсiмiн электронды түрде жүргiзген.

Аймақтық бөлiнiсте қарайтын болсақ, мекенжай бойынша тiркеуге онлайн тұрушылар үлесi Нұр-Сұлтан қаласында көп — 91 мың адам, одан кейiн Қарағанды (39 мың) мен Павлодар (23 мың) облыстары. Солтүстiк Қазақстан облысында 13 мың адам. Бұл ретте, ең төменгi көрсеткiш Атырау облысына тиесiлi (6 мың адам).

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткiш бойынша онлайн түрде мекенжей тiркеуiне тұрушылар саны бiршама өскен. Бұл қызметтi алу үшiн Қазақстан бойынша 184 мың адам ХҚО-ға жүгiнсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.

Бүгiнде мекенжай тiркеуiн жасату үшiн тiркеуге қоюшы және тiркелушi тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиiс. Азамат egov.kz-ке тiркелетiн мекенжай мен жеке мәлiметтерiн жазса, баспана иесi оған рұқсатты жеке кабинетiне келген сұрауды мақұлдау арқылы бередi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Бүгiнде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшiн оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдiң болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердiң ресми мекемелерiнде жарамдылығын растайды.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдi ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.

Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметтi алу үшiн egov.kz порталын қолдана алады:

  • Порталда авторизациядан өтiп, қызметке онлайн тапсырыс берiңiз
  • Электронды өтiнiштi толтырыңыз
  • Әр апостильденетiн құжатқа 0,5 АЕК көлемiнде баж төлеңiз
  • Апостильденуi қажет құжаттың скан-көшiрмесiн жүктеңiз
  • ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейiн жауап бiр күн iшiнде келедi
  • Жеке кабинетiңiзге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильдi бiрден қойғызуға жүгiне аласыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi
gov4c.kz

Egov.kz порталына кiру жолдары

Достар, egov.kz порталының қызметтерiн пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшiн ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкiмет порталын бiрнеше жылдан берi пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгiзiп, жасырын сөздi толтыру керектiгiн бiледi. Бүгiнде порталға кiрудiң тағы бiрнеше жолы iске қосылған. Сонымен, келесi ақпаратқа құлақ түрiп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.

  • Бiр жолғы жасырын сөз

Бұл әдiспен порталға кiру үшiн ЖСН нөмiрiн терiп, ұялы телефон нөмiрiн толтыру қажет. Аталған әдiстi мобильдi азаматтар базасында тiркелгендер пайдалана алады.

  • Электронды цифрлық қолтаңба

ЭЦҚ арқылы порталға кiремiн десеңiз, жүйе сiзге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кiлт құпиясөзi толтырылғаннан кейiн барлық мәлiметтер сәйкестендiрiледi.

  • QR-код

QR-код — порталға кiру үшiн жасалған жаңа әдiстiң бiрi. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кiре алады. Егер өзiңiзбен бiрге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдiспен порталға оңай кiруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгiсi арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бiрден қызметтердi пайдалануды бастай аласыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамның баспасөз қызметi
gov4c.kz

Жыл басынан берi 25 мың көп балалы отбасы жаңа жәрдемақы түрiн рәсiмдедi

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрiн жыл басынан берi 25,4 мың отбасы рәсiмдеп үлгердi. Оның iшiнде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсiмдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткiзгендер.

«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келiп тиiстi жәрдемақыны рәсiмдей алады. Осыған дейiн жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрiн алушылар тiзiмiнде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы — бұған дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөлiнiсте жыл басынан берi жәрдемақының рәсiмделуiне Түркiстан облысынан көп өтiнiш қабылданған. Одан кейiн Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Естерiңiзге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның iшiнде кәмелет жасына толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын тәмамдағанға дейiн (23 жасқа дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы көлемi: 4 баласы барларға — 42 496 тг., 5 балаға — 53 127 тг., 6 балаға — 63 757 тг., 7 және одан көп балаға — 74 388 тг.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Некеге тұрғаны/ажырасқаны жөнiндегi анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

Достар, көп жағдайда некеге тұрғаныңыз жөнiндегi анықтама сұратылып жатады. Оны онлайн алу өте оңай. ЭЦҚ болса, egov.kz порталынан кез келген анықтаманы ала алатыныңызды ұмытпаңыз.

Ең алдымен электронды үкiмет порталынан авторланып, «Некеге тұру туралы анықтаманы беру» қызметiн таңдаңыз.

Төлем шлюзi арқылы қызметтiң 0,3 АЕК көлемiндегi ақысын төлеңiз.

Дайын анықтаманы бiр күн iшiнде жеке кабинетiңiздегi «қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен жүктеп ала аласыз.

Дәл осы жолмен ажырасу туралы анықтаманы алуға болатынын ескертемiз. #Oqytoqy #eQyzmet

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар

Дербес деректер қорының электронды кiлтi

28 қаңтарда халықаралық дербес деректердi қорғау күнi атап өтiледi. Датаға орай «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева ЭЦҚ кiлттi дұрыс пайдалану және оны сақтау жолдары жөнiндегi кеңестерiмен бөлiстi.

Электронды цифрлық қолтаңба — азаматтарға egov.kz, elicense.kz, enis.kz, salyk.kz сияқты электронды үкiмет порталдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн электронды кiлт. Жеке немесе заңды тұлғалардың барлық дербес мәлiметтерiне жол ашатын цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың және сақтаудың өз ерекшелiктерi бар.

ЭЦҚ-ға тапсырысты pki.gov.kz сайтынан берiп, ХҚО-ға тек тұлғаны куәландыру үшiн баруға болады. Алайда көпшiлiк электронды кiлттi халыққа қызмет көрсету орталығынан алуды жөн көредi. 2019 жылы қазақстандықтар 7,8 млн. электронды кiлт рәсiмдеген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 млн. көп көрсеткiш. Алайда бұл, көп жағдайда, бiр адамның ЭЦҚ-ға тапсырысты бiр-ақ рет бергенiн бiлдiрмейдi дейдi Әсемгүл Балташева. «Азаматтар құжатқа электронды тапсырыс беретiн кезде немесе декларация тапсырған сәтте ғана ЭЦҚ-ны пайдаланып, кейiн оны қайда сақтағанын ұмытып, құпиясөзiн естен шығарып жатады. Сөйтiп, ЭЦҚ кiлтке қайта тапсырыс бередi. Дербес деректер базасын қолжетiмдi ететiн кiлттi құнды дүниедей сақтап, мұқият болу керек. Бiз ешқашан банк картасының пин-кодын ұмытпаймыз, ал ЭЦҚ-ның құпиясөзiн есте сақтап жаттамаймыз. ЭЦҚ-ны пайдалану мәдениетi ең алдымен азаматтардың өзi үшiн қажет», — дейдi мемлекеттiк корпорация төрайымы.

Көп жағдайда, ЭЦҚ рәсiмдеген сәтте, ХҚО мамандары бiрдей құпиясөз бекiтiп бередi, алайда қолданушы оны жеке кабинетiнде кейiн өздiгiнен жаңарта алады. Бүгiнде жеке куәлiк чипына жазылатын ЭЦҚ 3 жылға жарамды, оны пайдалану үшiн арнайы картридер қажет. Флеш-картаға жазылып берiлетiн кiлттiң жарамдылық мерзiмi — 1 жыл. Цифрлық қолтаңбаның уақыты өтпей тұрып, оны онлайн түрде pki.gov.kz сайты арқылы жаңартуға болады. Мерзiмнiң аяқталатыны туралы смс-ескертпенi алу үшiн жеке кабинетте ұялы телефон нөмiрi байланыстырылуы тиiс. «Телефон нөмiрi мен ЭЦҚ-ны сәйкестендiрген азаматтарға электронды түрде алынған қызметтер бойынша хабарламалар келiп тұрады. Ол смс-тер бөгде қызметтердiң алынбауын бақылап отыруға да мүмкiндiк бередi», – дейдi Ә. Балташева.

Қазақстандықтар өз атында қанша электронды кiлттiң барын egov mobile қосымшасынан көрiп, керек жағдайда сол жерден оны қайтара шығаруға тапсырыс бере алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Қарқынды өсiм: көлiк иелерi автоХҚО орнына онлайн қызметтердi таңдайды

Автокөлiк құжаттарын электронды түрде рәсiмдеген қазақстандықтар саны күрт өстi. Электронды үкiмет порталы арқылы көлiгiн тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстырған жүргiзушiлер онлайн жүйенiң тиiмдi әрi пайдалану жеңiл екенiн айтады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының статистикалық деректерiне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдiспен рәсiмделген жүргiзушi куәлiктерiнiң саны бiрден 8 есе, ал қайта тiркеуге қойылған автокөлiктер саны 20 есе артқан.

Мысалы, 2018 жылы жүргiзушi куәлiгiн онлайн түрде 19 409 қазақстандық рәсiмдесе, былтырғы жылы жүргiзушi куәлiгiн электронды өтiнiш арқылы ауыстыруды қалағандар саны 153 мыңнан асты. Сондай-ақ онлайн түрде көлiктi қайта тiркеуге қою қызметтерiнiң көрсеткiшi де жоғары болған: 2019 жылы бұл қызмет 100 мың рет пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткiш тек 5 мыңды құраған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бүгiнде қазақстандықтардың денi ХҚО-ға бармай-ақ, қызметтi өз бетiнше алуды қалайды. «Қызметтердi онлайн алу — бүгiнде өзiндiк трендке айналды. Азаматтарымыздың электронды түрде қарапайым анықтамаларды ғана алып қоймай, онлайн автокөлiк қызметтерiне сұраныс бiлдiрiп жатқаны қуантады. Олар цифрландырудың барлық артықшылығын лайықты бағалап, қызметтердi мамандандырылған ХҚО-дан гөрi электронды үкiмет порталынан жиi ала бастады», — дейдi басқарма төрайымы.

Көлiгiн онлайн түрде тiркеген тұрғынның бiрi — қарағандылық Қайырбек Қорабаев. Көлiктi сатушы тарап Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, көлiктi электронды үкiмет порталы арқылы рәсiмдеу — жол мәселесiн шешiп, автоХҚО кезегiнде тұрмаудың таптырмас тәсiлiне айналды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Сiздiң телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзiмi аяқталатыны туралы ескерту SMS келдi ме?

Онда сiзге келесi ақпарат өте пайдалы:

SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзiңiздiң жеке кабинетiңiзге кiрiп, жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз.

Жеке кабинетке сiз интернет-ресурстың басты бетiнен немесе SMS-те көрсетiлген сiлтеме бойынша ауыса аласыз.

Ары қарай келесiдей алгоритм бойынша әрекет етемiз:

  • Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректердi толтырыңыз;
  • «Кiлттер тiзiмiн жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзiн (паролiн) дұрыс енгiзген кезде аутентификация кiлтi бейнеленедi. Қол қойып, әрi қарай жұмысқа кiрiсемiз;
  • ЭЦҚ кiлттерiмен жұмыс жасау үшiн «Менiң ЭЦҚ кiлттерiм» бөлiмiне көшемiз. Ашылған мәзiрден «ЭЦҚ кiлттерiн қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзiмi әлi аяқталмаған жағдайда өтiнiмдi онлайн беруге болады.

  • Бұдан әрi негiзгi жолдарды толтырыңыз, «Өтiнiм беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
  • Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшiн сiз компьютердi таңдасаңыз, өзiңiздiң ЭЦҚ кiлттерiңiзге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгiзiңiз, одан кейiн «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Құпиясөзде төменгi және жоғарғы регистрдегi латын әрiптерi, сондай-ақ сандар болуы тиiс. Құпиясөздiң ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тiркеу куәлiктерiн сәттi орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзiмiн ұзарту да, оны жаңадан рәсiмдеу де тегiн қызмет.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi

Мекенжай анықтамасы болмайды. Ендi…

Достар, қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмайды. Желi пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, ендi тұрғылықты жер бойынша тiркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңiлге тоқи жүрiңiз.

Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?

1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттiк реестрден мүлде алынып тасталады.

Мекенжай туралы мәлiметтердi қалай, қайдан көруге болады?

Тұрғылықты мекенжай жөнiндегi мағлұматты egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.

Мемлекеттiк органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәлiметтi қайдан алады?

Мемлекеттiк органдар мекенжай деректерiн iшкi iстер министрлiгiнiң деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.

Басқа ұйымдар, соның iшiнде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкiмет порталындағы үшiншi тұлғаларға анықтама беруге мүмкiндiк беретiн сервистi пайдалана алады. Бұл тек азамат бiр рет ақпарат алуға рұқсат беретiн SMS-ке келiсiм бергенде ғана жүзеге асатын операция.

#oqytoqy

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Egov.kz қызметтерi мен сервистерiн facebook пен VK арқылы қалай алуға болады

Достар, сiз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлi анықтамаларды алып, сервистердi пайдаланып көрдiңiз. Ендi дәл солай қызметтердi танымал facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуға болады. Әзiрге ВКонтакте жүйесiнде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетiмдi.

Facebook арқылы қызметтердi алу үшiн әлеуметтiк желiнiң мэссенджерiнде «Портал egov.kz» жазуын енгiзiп, бот сiлтемесiн басыңыз. Сiзге бiрден қызметтер мәзiрi шығады.

ВКонтакте әлеуметтiк желiсiндегi сервистi қолдану үшiн онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесiн таңдаңыз, қажеттi қызметтер мен сервистердi алу үшiн сiзден ЖСН мен телефон нөмiрi сұратылатын болады.

Әлеуметтiк желiлердегi мемлекеттiк қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бiрдей пайдалануға болады!

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Несиенi жабу

Қазiргi таңда Президенттiң Жарлығы бойынша қарыз жүктемесiнiң төмендеуi мен несиенiң бiр бөлiгiн жабу жүрiп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңiлдiктi кiмдер пайдалана алады, қарызы кешiрiлетiндердiң тiзiмiнде болмаса не iстеу керек деген сұрақтар туындауда.

Осы сұрақтарды талқылап, кiшi-гiрiм лайфхактармен бөлiсудi жөн көрдiк.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢIЗДI ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

enbek.gov.kz сайтына кiрiңiз;

«Борыштық жүктеменi төмендету бағдарламасына қатысу үшiн мәртебенi тексеру» тетiгiн таңдау;

өз ЖСН-iңiздi жазып, мәртебеңiздi бiлу.

НЕМЕСЕ:

111 бiрiңғай нөмерiне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:

egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:

ХҚО-ға барыңыз.

Алайда, егер сiздiң аты-жөнiңiз тiзiмде болмаса және сiз онымен келiспесеңiз, онда сiзге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмiрлерiне хабарласу керек.

Егер сiздi тiзiмнен алып тастау себебiмен келiспесеңiз, онда Сiзге банкке немесе несие берген микрокредиттiк ұйымға жүгiну қажет.

Уақытыңызды әр түрлi жұмсауға болады, бiрақ бiз әрқашан сiз үшiн оңтайлы шешiм табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбiрек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

Зейнетақы жинақтарын онлайн тексерiңiз!

Сiз ай сайын жалақыңыздың 10% бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегiдей, оны екi тәсiлмен бiлiп-көруге болады — электронды үкiмет порталы мен телеграм-бот арқылы.

Egov.kz порталы арқылы мәлiметтердi бiлу үшiн «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметiн таңдайсыз. Тиiстi өтiнiштi жолдап, дайын құжатты жеке кабинетiңiзден көре аласыз.

ЭЦҚ болу мiндеттi.

Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты бiлу үшiн телеграм қосымшасына кiрiп, боттағы қызметтер тiзiмiнен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметiн таңдайсыз.

Мобидьдi азаматтар базасына тiркелу мiндеттi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» жылжымайтын мүлiктi тiркеу бойынша 2 млн-нан астам өтiнiш тiркедi

«Азаматтарға арналған үкiмет» бiр жылда жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметi бойынша 2 млн 30 мыңнан астам өтiнiш тiркедi. Естерiңiзге сала кетейiк, жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметi Әдiлет министрлiгiнiң құзiретiнен мемлекеттiк корпорацияға 2018 жылдың 30 шiлдесiнде берiлген болатын.

Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарының тұрғындары жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметтерiн ең белсендi алушылар болып отыр. Атап айтсақ, 2018 жылдың 30 шiлдесiнен бастап 2019 жылдың 31 шiлдесiне дейiн Алматы қаласы мен Алматы облысында 228 мыңнан астам өтiнiш тiркелген, елорда тұрғындарынан 209 мыңнан астам және Қарағанды облысынан 157 мыңнан астам өтiнiш келiп түскен.

Ал Қызылорда (58 мыңнан астам өтiнiш), Атырау (62 мыңнан астам өтiнiш) және Маңғыстау (73 мыңнан астам өтiнiш) облыстарында жылжымайтын мүлiктi тiркеу қызметiне деген сұраныс төмен.

Айта кетейiк, көрсеткiштердi есептеу кезiнде құқықтың пайда болуы, деректердiң өзгеруi, ауыртпалықтарға және екiншi деңгейдегi банктермен келiсiм шартқа отыру бойынша өтiнiштер ескерiлдi.

«Бүгiнде жылжымайтын мүлiктi қысқа мерзiмде рәсiмдеуге болады. Бас-аяғы 3 жұмыс күнi iшiнде мүлiгiңiздiң тiркелгенi туралы мөртабасы бар қажеттi құжат қолыңызда болады. Дегенмен, бiз азаматтардың өмiр сүру сапасын жақсарту мақсатында бұл қызметтi одан әрi оңтайландырып, алдағы уақытта тiркеу уақытын 1 күнге дейiн қысқартуды жоспарлап отырмыз», — дейдi мемлекеттiк корпорация төрайымы Әсемгүл Балташева.

Айта кету керек, жылжымайтын мүлiктi тiркеуге өтiнiштi «Азаматтарға арналған үкiмет» және нотариустар арқылы беруге болады.

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Елiмiзде халыққа қызмет көрсететiн орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегi халықтың өсуi жедел шаралардың қабылдануын талап етедi. Жарты жылдың өзiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетiлген. Тамыз айының соңына дейiн бiз астанамыз бен Алматыда қосымша бiр-бiр халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бiр айлық үзiлiстен кейiн қайтадан өз қызметiн жандандырды», — делiнген әлеуметтiк желiдегi жазбада.

Оған қоса, елiмiздегi мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бiр-бiр орталық iске қосылады. Әсемгүл Серiкқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көлiктерiн сатып, жаңасын алып, тiркеу рәсiмдерiн де сонда жасатады. Жарты жыл iшiнде Қазақстанда көлiк секторы бойынша көрсетiлген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесiлi», — деп атап өткен Ә.Балташева өз парақшасында.

Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО iске қосылады делiнген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгiнде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс iстейдi, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көшi-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жiктеледi. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетiлген.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезiнде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшiн жаңа ХҚО-ларды, әсiресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырған болатын.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 мая 2025
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялау туралы 2025 жылдың 1 сәуіріндегі есебін ұсынады
02 мая 2025
Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі инфляциядан асып түсті
28 апреля 2025
Жеке кабинет – зейнетақы жинағыңызды бақылаудың ең қолайлы тәсілі

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы