2025 жылғы 4 наурызда сағат 15:00-де "Возвышенка СК" ЖШС кеңсесінің ғимаратында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р.Ә.Анбаев пен Е.А.Сандерс ауылдық округінің әкімі Возвышенка ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өтті. Әкім округтің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2025 жылға арналған перспективалық жоспарлары мен міндеттері туралы айтып берді. Кездесуде түскен сұрақтар бақылауға алынды.