Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

 

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 86/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 5 қызмет түрін көрсетеді:

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
Жер учаскесін алуға кезекке қою;
Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді, ол арқылы кез келген адам электрондық мемлекеттік қызметті ала алады.