📚 1 қыркүйек — Білім күні! 🔔

📚 1 қыркүйек — Білім күні! 🔔


1 қыркүйек күні Разгульное ауылында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз — бірінші сынып оқушылары үшін ерекше толқыныс пен қуанышқа толы болды. Олар үшін жаңа әрі маңызды өмір кезеңінің басталғанын білдіретін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. 🌸📖

Жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Уразов Дархан Ақжигитұлы құттықтап, оқушыларға оқуда табыс, жаңа білім, жарқын жетістіктер және армандарына нық қадам басуды тіледі.

🎓 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті өтсін! 🔔