
20.04.2026 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шоптықкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары бойынша таныстыру сипатындағы әңгіме өткізілді.
Сондай-ақ қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерді жеке пайда табу мақсатында пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.