
📢 Салқынкөл ауылдық округі наркограффитиге қарсы!
Құрметті Салқынкөл ауылдық округінің тұрғындары!
Есірткі заттарын жарнамалайтын граффити мен жазулардың таралуы қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді. Мұндай заңсыз жазбалар жастарды зиянды әдеттерге итермелеп, есірткінің заңсыз айналымына тартуға себеп болуы мүмкін.
Салқынкөл ауылдық округінің әкімдігі барлық тұрғындарды наркограффитиге қарсы күреске белсенді қатысуға шақырады. Егер көшелерде, ғимараттардың қабырғаларында, қоршауларда немесе басқа да қоғамдық орындарда күмәнді жазулар мен белгілерді байқасаңыз, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына немесе округ әкімдігіне хабарлауыңызды сұраймыз.
Есірткіге қарсы күрес – әр азаматтың ортақ міндеті. Болашағымыздың жарқын әрі қауіпсіз болуы үшін жастарымызды зиянды ақпараттан қорғап, ауылымыздың тазалығы мен тыныштығын бірге сақтайық.
Таза ауыл – қауіпсіз ұрпақ!
Наркограффитиге жол жоқ!