Аналитическая справка за 1 квартал 2026 года

Аналитическая справка за 1 квартал 2026 года

2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы (10-қосымшаға сәйкес) 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ (2-қосымшаға сәйкес).

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ.

Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді (3-қосымша).

2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 1 іс-шара өткізілді (скриншоттар қоса беріледі), мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жалпы қамтылған адам саны – 16 адам, оның ішінде:

  1. Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.

Наурыз айында «Банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» мемлекеттік қызметі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді (скриншот қоса беріледі).

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ауылдық округтің ресми сайты salkynkol-gm.sko.gov.kz сайтында «Мемлекеттік қызметтер», «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» бөлімдерінде және Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында орналастырылған:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100025077166348

Сондай-ақ байланыс телефоны: 8 (71535) 52-844.