Рузаевка ауылында "Ауыл Аманаты" бағдарламасы аясында Шарық көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары басталды.
Бұл жобаны іске асыру жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Елді мекендерді абаттандыру және ауылдық инфрақұрылымды дамыту бағдарламаның маңызды бағыттары болып қала береді. Мемлекеттің қолдауының арқасында ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын арттыруға және аумақтардың тұрақты дамуына ықпал ететін жобалар іске асырылуда.
Тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде түсінгені үшін Алғыс білдіреміз және құрылыс учаскелерінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.