БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мәдениет үйінің алдындағы алаңда балалық шақтың, қуаныш пен шаттықтың мерекесі өтті.
Мерекелік іс-шара барысында балалар үшін қызықты ойындар, көңілді байқаулар, әндер мен билер ұйымдастырылып, кішкентай қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді. Балалардың күлкісі мен қуанышы мерекенің басты сәніне айналды.
🌈Барлық бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтары бақытқа, мейірімге және жарқын сәттерге толы болсын!