"Жасыл болашақ"экологиялық акциясы

"Жасыл болашақ"экологиялық акциясы
Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасын іске асыру аясында 25 сәуірде Рузаевка ауылында "Жасыл болашақ"экологиялық акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында 50-ден астам қарағай көшеттері отырғызылды. Акцияға мектеп түлектері, сондай-ақ ауылдық округ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Өткізілген акция аумақты көгалдандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға маңызды үлес болды.