Рузаев ауылдық округінің әкімі Н.Р. Алғожин Березовка ауылының тұрғындарымен кездесуі.

Рузаев ауылдық округінің әкімі Н.Р. Алғожин Березовка ауылының тұрғындарымен кездесуі.
2026 жылғы 10 сәуірде Рузаев ауылдық округінің әкімі Н.Р. Алғожин Березовка ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында округ әкімі 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму туралы есепті ұсынды, сондай-ақ 2026 жылға арналған негізгі міндеттер мен перспективалық жоспарларды белгіледі. Абаттандыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мал жаю ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ , учаскелік полиция инспекторы М.Т. Кикбаев сөз сөйлеп, тұрғындарға интернет-алаяқтық, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары және алкоголь өнімдерін заңсыз өткізгені үшін жауапкершілік туралы ақпарат берді.