2025 жылғы 09 маусымда Рузаев ауылдық округі әкімінің аппаратында 2024 жылғы 5 мамырдан 2025 жылғы 5 мамырға дейінгі кезеңде өткізілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті. Қоғамдық талқылауға әкім аппаратының қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, жұртшылық кеңесінің төрағасы қатысты.