Президенттік Жастар кадрлық резерві

Президенттік Жастар кадрлық резерві
Ауылдық округ мамандары Калиновка орта мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер Президенттік Жастар кадрлық резервіне алдағы іріктеу туралы хабардар етілді, оның бірінші кезеңі - құжаттарды қабылдау - 1 маусымнан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. 35 жасқа дейін;
2. Жоғары білімнің болуы;
3. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
4. B1-ден төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы.