Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асыру аясында Привольное ауылында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы өткізілді.
«Астық-Привольное» ЖШС-нің қолдауымен саябақ аумағына 145 түп ағаш көшеті отырғызылды. Атап айтқанда, қарағай, шырша, алма ағашы, пирамидалы терек және жөке ағаштары егілді.
Отырғызылған әрбір ағаш — өмірдің, тазалықтың және келер ұрпаққа деген қамқорлықтың белгісі.
Сонымен қатар, ағаш отырғызу жұмысына белсене қатысқан Привольное ауылының тұрғындары мен мектеп оқушыларына еңбектері, жанашырлықтары және туған жерге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтамыз.