📌 2026 жылғы 23 сәуір күні Новоселовка ауылында азаматтардың ауылдық жиыны өтті.
2026 жылғы 23 сәуір күні Новоселовка ауылында азаматтардың ауылдық жиыны өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды:
жайылым маусымында ірі қара малды жаюды ұйымдастыру;
ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу;
мал ұрлығының алдын алу;
интернет-алаяқтықтың алдын алу.
Әр бағыт бойынша тұрғындарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.