
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Новоселов ауылдық округінде сенбілік өтті. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме өкілдері, жастар қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында көшелер, қоғамдық орындар, кіреберіс жолдар тазартылып, жиналған қоқыс шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, тазалық мәдениетін және қоршаған ортаға құрметпен қарауды дамытуға бағытталған.
Кұрметті тұрғындар, сіздерді айналаңызды таза ұстауға және рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Тек бірлесе отырып, айналамызды таза және жайлы сақтай аламыз.