2026 жылғы 5 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесі отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Новоишим ауылдық округінің бас маманы Балғожа Әлихан Әделұлы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойған сұрақтарына түсініктеме берді.
Жария талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар берді.