Өзіңізді несие алаяқтарынан қорғаңыз!

Өзіңізді несие алаяқтарынан қорғаңыз!

Соңғы уақытта алаяқтар басқа адамдардың атына несие рәсімдеу жағдайлары жиілеп кетті.
Осыған жол бермеу үшін сіз eGov.kz порталындағы жаңа қызметті пайдалана аласыз –
 “Несиелер алуға тыйым салу” қызметі.

 Өтінішті онлайн беруге болады:
1. Egov.kz порталына ЭЦҚ немесе Egov Mobile арқылы кіріңіз.
2. «Қаржы қызметтері» бөлімінен “Несиелер алуға тыйым салу” қызметін таңдаңыз.
3. Өтінішті растап, жіберіңіз.

 Осыдан кейін ешқандай банк немесе микроқаржы ұйымы сіздің рұқсатыңызсыз несие рәсімдей алмайды.

 Қажет болған жағдайда бұл тыйымды кез келген уақытта өзіңіз қайта алып тастай аласыз.

 Бұл қызмет сіздің қаржыңызды және жеке деректеріңізді қорғауға көмектеседі.
 Жеке деректеріңізді және құпия кодтарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз!