«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бухгалтерлік, кадрлық есеп және салықтық есептілігі секторының бухгалтерлік, кадрлық есеп және салық есептілігі құрылымдық бөлімшенің басшысы-бас бухгалтері
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G- 2, 1 бірлік.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейiн.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның балансында тұрған мекеме мүлкінің сақталуын бақылау. Мекеменің қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну, қаржылық тәртіпті сақтау. Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттарды есепке алуды ұйымдастыру, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсету, өндіріс және айналым шығындарын, шығыстар сметаларын орындауды, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, мекеменің шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық есептерді есепке алу және есеп айырысу операциялары. Құжаттардың, жалақы бойынша есеп айырысулардың заңдылығын, уақтылы және дұрыс ресімделуін, мемлекеттік бюджетке салықтық және өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге де сақтандыру жарналарын, банктерге төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты дұрыс есептеу мен аударуды қамтамасыз ету. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, жалақы қорының жұмсалуына, ұйым қызметкерлерінің жалақысының дұрыс есептелуіне, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарына түгендеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. Ақша қаражаты мен тауарлық- материалдық құндылықтардың жетіспеушілігін, заңсыз жұмсалуын, қаржы және шаруашылық заңнамасының бұзылуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік- шаруашылық және өзге де шығыстардың сметаларының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу. Қаржылық есептілікті (баланстарды, пайда мен залал туралы есептерді, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерді және капиталдың өзгеруі туралы есептерді) және қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы, өзге де бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз ету және есепті ақпараттың объективтілігін қамтамасыз ету. Бухгалтерлік ақпаратқа сәйкес жедел және жиынтық есептер жасау. Заңнамада белгіленген мерзімдерде есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесінің серверінде есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікті жариялауды жүзеге асыру. Мекемеде аудиторлық және салықтық тексерулер шеңберінде сұратылған ақпаратты дайындау. Мекеменің есеп саясатында көрсетілген тәртіпке сәйкес түгендеуге және оны жүргізуге қатысу. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту (нақтылау).Ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру шеңберінде салық жинауға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге жәрдемдесу.
(В блогы)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит); бизнес, басқару және құқық (бухгалтер және/немесе бухгалтер-кассир және/немесе мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері)
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.
Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.gov.kz ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде i.sysoeva@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
___________________________________________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________________
________ _____________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.