Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Нежинка ауылында Нежин ауылдық округі әкімінің аппаратының ұжымы кітапхана және фельдшерлік-акушерлік пункт қызметкерлерімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясын өткізді. Акцияға қатысушылар туған ауылды абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлестерін қосып, оның көркейе түсуіне атсалысты.