TortTulik жүйесінде тіркелу

TortTulik жүйесінде тіркелу
Тоқсан би ауылында Нежин ауылдық округі әкімінің аппаратының маманы ауылдық округтің ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға жануарларды сәйкестендірудің негізгі талаптары түсіндіріліп, сондай-ақ TortTulik және eGov Mobile мобильді қосымшаларын орнатуға практикалық көмек көрсетілді.