
2026 жылғы 25 тамызда Нежинка ауылдық округінің әкімі ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері бойынша құқықтық жалпы оқыту өткізді.
Жалпы оқыту барысында заңнама талаптары түсіндіріліп, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға және бәстесуге тыйым салу мәселелері, сондай-ақ аталған нормаларды сақтамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік талқыланды. Заңнама талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің ажырамас міндеті екені ерекше атап өтілді.