
📅 Ағымдағы жылдың 25 тамызында Нежин ауылдық округі әкімі аппаратының маманы учаскелік полиция инспекторы Исмагулов С.Т.-мен бірлесіп, Буденное ауылында абаттандыру қағидаларын сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға абаттандыру қағидаларының негізгі талаптары түсіндіріліп, тазалықты сақтау және іргелес аумақтардың тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат берілді.