Аудан әкімінің Буденное ауылы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті

Аудан әкімінің Буденное ауылы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті
2026 жылғы 10 сәуір күні сағат 15:00-де Буденное ауылдық мәдениет үйінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Анбаев Р.А.-ның Нежинка ауылдық округіне қарасты Буденное ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Руслан Әкімжанович округтің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, сондай-ақ 2026 жылға арналған перспективалық жоспарлар мен міндеттер жөнінде баяндады. Кездесу барысында түскен сұрақтар бақылауға алынды.