«Құқық кабинеті»

«Құқық кабинеті»
Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасын іске асыру аясында — тегін құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру және мемлекеттік сервистерді цифрлық форматта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ауылдық округтерде «Құқық кабинеттері» ашылды.
«Құқық кабинеті» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында жұмыс істейді.
«Құқық кабинеті» ИПС «Әділет», «Заң» деректер базасы, сондай-ақ e-Otinish, eGov және басқа да негізгі ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар компьютермен жабдықталған. Бұл азаматтарға құқықтық ақпаратты өз бетінше алуға, мемлекеттік қызметтерге жүгінуге, сұраулар жолдауға және электрондық ресурстарды өз елді мекенінен шықпай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді.
Кабинеттің құрылуындағы негізгі мақсат – ауыл халқының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ тұрғындарға жедел консультативтік және ақпараттық көмек көрсету үшін қолайлы жағдай жасау.