2025 жылғы 04 қыркүйекте Нежинка ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары аумақты абаттандыру мақсатында Тоқсан би ауылында аулаларды аралап шықты.
Аралау барысында тұрғындарға өз аулалары мен үй маңындағы аумақтарды тиісті жағдайға келтіру қажеттігі туралы хабарламалар табыс етілді.