2025 жылғы 1 маусымнан бастап елімізде Президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады.
Әкім аппаратының мамандары жастар арасында ақпараттық брошюралар тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және жалпы жұмыс өтілі 5 жыл, Мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Үміткерлер қатысуға өтінімдерін
pkrezerv.gov.kz сайтында 1 - 30 маусым аралығында бере алады.