
Қырымбет ауылында «Салауатты ауыл» республикалық челлендж аясында іс-шаралар өтті. Акцияның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды нығайту.
Тұрғындар бастаманы белсенді қолдап, салауатты өмір салтын және денсаулықты сақтау идеясын ілгерілетуге арналған спорттық жарыстарға, тақырыптық кездесулерге және танымдық іс-шараларға қатысты.
Бұндай іс-шаралар ауыл тұрғындарын біріктіруге және күнделікті өмірде салауатты өмір салтын сақтауға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.