Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстары

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстары

2025 жылғы 8 мамырда Дружба ауылдық округінің Дружба ауылында мемлекеттік қызметтерді eGov.kz порталы арқылы алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

1. Ф-6 анықтамасын қалай алуға болады?

Ф-6 нысанындағы анықтама – өтініш берушінің атына тіркелген немесе тіркелмеген мүліктің бар-жоғын растайтын құжат. Бұл мәліметтер жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерде, несие алуда және басқа да заңды, әкімшілік рәсімдерде қажет.

Аталған қызметті eGov.kz порталынан және eGov Mobile қосымшасынан алуға болады. eGov.kz порталында анықтаманы алу үшін:

  • Порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» бөліміне өтіңіз;
  • «Ф-6 анықтамасы (жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы)» қызметін таңдаңыз;
  • «Қызметті алу» бөлімінде анықтаманы кім үшін алатыныңызды таңдаңыз;
  • Қажетті өрістерді толтырыңыз;
  • Қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірін пайдаланып, өтінімді растаңыз;
  • Қызметтің нәтижесімен Жеке кабинетте таныса аласыз.

2. Психоневрологиялық диспансерден анықтаманы қалай алуға болады?

Аталған қызмет eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Қызметті eGov.kz арқылы алу үшін:

  • Порталда авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» – «Медициналық көмек» бөлімін таңдаңыз;
  • «Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар тұлғаларды динамикалық бақылауда болмауы туралы анықтама» қызметін таңдаңыз;
  • Қызметті кім үшін алатыныңызды көрсетіңіз;
  • Қол қоюдың бір тәсілін қолданып, өтінімді растаңыз;
  • Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте таныса аласыз.

Бұл анықтаманы алу өте оңай және уақытыңызды үнемдейді!

Қамтылған адам саны – 20.